Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жүзуден Азия чемпионатында 5 алтын алып, елге оралған спортшыларды жанкүйерлер әуежайдан қарсы алды

Жүзуден Азия чемпионатында 5 алтын алып, елге оралған спортшыларды жанкүйерлер әуежайдан қарсы алды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астана халықаралық әуежайына Бангкок (Таиланд) қаласында өткен мектеп оқушылары арасындағы жүзуден Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері елге оралды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Спортшыларды ата-аналары, достары, жанкүйерлері мен қалалық спорт басқармасына қарасты №4 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің ұжымы зор қошеметпен күтіп алды.Бұл беделді додада елордалық спортшылар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, үздік нәтижеге қол жеткізді. Азияның ең мықты жас жүзушілері бас қосқан жарыста ел намысын қорғаған астаналық өрендер 5 алтын, 3 күміс және 4 қола медаль жеңіп алып, Қазақстанның жүзу спортындағы әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеді.

«Бүгін біз мектебіміздің спортшыларын зор мақтанышпен қарсы алып отырмыз. Жүзуден Азия чемпионаты – құрлықтағы ең ірі және беделді жүзу жарыстарының бірі. Олар осы жарыста шеберліктері мен табандылығын көрсетіп, қарсыластарын лайықты жеңді. Бұл – олардың қажырлы еңбегінің және бапкерлердің кәсіби жұмысының жемісі. Әрбір медаль – орасан зор еңбектің нәтижесі, бұл біздің мектебіміз үшін де, жалпы Астана спорты үшін де үлкен жетістік», – деді №4 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің басшысы Ербол Орынбайұлы.

Айта кетейік, елордалық спортшылар арасында ерекше көзге түскен жүзуші – Ханзада Нұрлыбекова. Ол бірнеше қашықтықта үздік нәтиже көрсетіп, жалпы есепте 2-орынға ие болды. Жарыс барысында 259 ұпай жинап, «Үздік спортшы» кубогының иегері атанды.Айта кетейік, биылғы додаға Азияның 18 елінен 1500-ден астам спортшы қатысып, жас таланттар өзара сынға түсті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты