Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Обыр, қант диабеті, жүрек аурулары: қазақстанда кімдерге қандай скринингтер қолжетімді

Обыр, қант диабеті, жүрек аурулары: қазақстанда кімдерге қандай скринингтер қолжетімді
Фото: kazlenta.kz / создано с помощью ИИ

Қазақстанда негізгі скринингтік тексерулер азаматтардың МӘМС мәртебесіне қарамастан, мемлекеттің әлеуметтік кепілдіктерінің есебінен жүргізіледі. Қазақстанда жүрек-қан тамырлары ауруларын, қант диабетін, глаукоманы, сүт безі обырын, жатыр мойны обырын, колоректалдық обырды, В және С вирустық гепатиттерін, сондай-ақ белгіленген өлшемшарттарға сәйкес басқа да ауруларды ерте анықтау үшін скринингтік тексерулер жүргізіледі, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Жүрек-қан тамырлары ауруларын, қант диабетін және глаукоманы анықтауға арналған скринингтен 40–76 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер екі жылда бір рет өтеді.

Сүт безі обырын ерте анықтау үшін 40–76 жас аралығындағы әйелдер екі жылда бір рет маммографиядан өтеді. Жатыр мойны обырына арналған скрининг 30–74 жас аралығындағы әйелдерге жүргізіледі. Тексеруден төрт жылда бір рет өту қажет, - делінген баспасөз хабарламасында.

Колоректалдық обырға арналған скринингтен 50–76 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер екі жылда бір рет өтеді. Тіркелген емханаңызға хабарласып, биыл қандай скринингтік тексерулерден өтуге құқылы екеніңізді нақтылаңыз.

Медицина қызметкерлері тексеруден өту тәртібін түсіндіріп, қажет болған жағдайда қосымша зерттеулерге жолдама береді. Ауру белгілерінің пайда болуын күтпеңіз – тексеруден уақытылы өтіңіз! Ерте диагностика емдеуді дер кезінде бастауға және денсаулықты сақтауға мүмкіндік береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды