Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада 200-ден астам тұрғын тегін онкоскринингтен өтті

Астанада 200-ден астам тұрғын тегін онкоскринингтен өтті
Фото: pixabay.com

Астанада онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспар аясында бірқатар ақпараттық-профилактикалық іс-шаралар өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2026 жылғы 28 наурызда Астана қаласы әкімдігінің «Көпбейінді медициналық орталығы» ШЖҚ МККонкологиялық ауруларды ерте анықтауға арналған Ашық есік күнін өткізді. Осы күні сағат 09:00-ден 14:00-ге дейін елорда тұрғындары тегін профилактикалық тексеруден өтіп, мамандардан кеңес алу мүмкіндігіне ие болды.

Қабылдауды әртүрлі бейіндегі дәрігерлер жүргізді: онкохирургтер, гинекологтар, онкоурологтар, ультрадыбыстық диагностика мамандары, цитологтар және зертхана қызметкерлері.Акция аясында барлығы 214 адам қабылданды. Оның ішінде: бүйрек обырының алдын алу бойынша – 60 адам, жатыр мойны обырын ерте анықтау бойынша – 109 әйел, колоректальды обыр бойынша – 45 адам.

Тексеру барысында тұрғындар мамандардан кеңес алып, қосымша тексерулерге ұсыныстар алды, сондай-ақ қажетті диагностикалық процедурадан өтті. Барлығы 104 ультрадыбыстық зерттеу жүргізіліп, 100 онкоцитологияға жағынды алынды.

Қорытынды бойынша 4 қатерлі ісікке күдік анықталды (оның ішінде бауыр, ұйқы безі және бүйрек обыры), 9 ісік алды жағдайы және 47 өзге де ауру тіркелді. Қаланың штаттан тыс бас онкологы Мұхтар Төлеутаев онкологиялық ауруларды ерте анықтау дертті бастапқы кезеңде анықтауға және емдеудің тиімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Мұндай профилактикалық іс-шаралар халық денсаулығын сақтауда және онкологиялық сақтықты арттыруда маңызды рөл атқарады. Пациенттер қабылдауға ризашылықтарын білдіріп, дәрігерлерге қамқорлығы үшін алғыс айтты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады