Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС аясында емделетін аурулар тізімі кеңейтілді

Қазақстанда МӘМС аясында емделетін аурулар тізімі кеңейтілді
Фото: Астана қ. әкімдігі

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеті кеңейтілді. Енді бірқатар созылмалы ауру осы жүйе аясында көрсетілетін медициналық қызметтер қатарына енгізілді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.  

МӘМС пакеті қант диабеті, балалардың церебралды сал ауруы, ревматизм, дәнекер тіндерінің жүйелі зақымдануы сияқты ауруларды қамтиды.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының мәліметінше, МӘМС әлеуметтік маңызы бар 11 аурудан басқа созылмалы дерттердің басым бөлігін өтейді. Ал аталған 11 ауру тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) аясында қаржыландырылады. Олардың қатарында туберкулез, АИТВ, қатерлі ісіктер, созылмалы вирусты гепатиттер мен бауыр циррозы, психикалық бұзылыстар, орфандық аурулар, жүйке жүйесінің дегенеративті аурулары, орталық жүйке жүйесінің демиелинизациялық сырқаттары, эпилепсия, жедел миокард инфаркті (алғашқы 6 ай), инсульт (1 жыл ішінде) бар.

Бірыңғай пакеттің кеңеюі әлеуметтік маңызы бар ауруларды ерте анықтау кепілдіктерін күшейтуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, онкологиялық скринингтер сақтандыру мәртебесіне қарамастан Қазақстанның барлық азаматына қолжетімді болады.

Қазіргі таңда ТМККК аясында тек туберкулез бен АИТВ-инфекциясын анықтау қарастырылған, ал басқа әлеуметтік маңызы бар ауруларды диагностикалау МӘМС есебінен жүргізіледі.

Сонымен қатар сақтандырылмаған азаматтар да базалық медициналық қызметтер пакетін пайдалана алады. Оған мыналар кіреді:

• емханаларға алғашқы жүгіну;

• вакцинация және онкологиялық скринингтер;

• әлеуметтік маңызы бар ауруларға күдік туындаған кездегі диагностика;

• жедел жәрдем қызметі;

• өміріне қауіп төндіретін жағдайлардағы шұғыл медициналық көмек;

• барлық әлеуметтік маңызы бар ауру бойынша диагностика, емдеу, алдын алу және тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;

• жұқпалы аурулар кезінде медициналық көмек; 

• қан препараттарымен қамтамасыз ету;

• паллиативтік көмек және ауыр науқастарға ұзақ мерзімді күтім.

Онкоскринингтердің баршаға қолжетімді болуы қатерлі ісіктерді ерте кезеңде анықтап, тиімді ем жүргізуге мүмкіндік береді.Барлық сақтандырылған азамат бұрынғыдай тегін ем алып, дәрігер кеңесіне жүгініп, қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіледі. Қазіргі таңда 12 миллионнан астам адам жеңілдікті санатқа жатады, олардың сақтандыру жарнасын мемлекет төлейді.

Сонымен қатар 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап өмірлік қиын жағдайға тап болған шамамен 1 миллион азамат жергілікті атқарушы органдар есебінен сақтандырылады.Азаматтар «D» немесе «E» санатына жататынын білу үшін тіркелген емханасына жүгінуі қажет.

Сақтандырылған мәртебе тегін талдаулардан өтуге, диагностикаға, дәрігер кеңесіне, жоспарлы операцияларға, емделуге және оңалту шараларына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті