Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Батыс Қазақстан облысындағы Шыңғырлау ауданында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында фестиваль өткізілді

7 қазан күні Батыс Қазақстан облысындағы Шыңғырлау ауданында «Батыс Қазақстан облысы мүгедектері ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігінің қайырымдылық айлығы шеңбері аясында мүмкіндігі шектеулі жандар  арасында аудандық  фестиваль өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында аудандық мәдениет үйінде өткізілген шарада 8 үміткер өзара бақ сынасты. Аталмыш аудандық  шығармашылық фестиваль  «Батыс Қазақстан облысы мүгедектері ерікті қоғамы» қоғамдық бірлістігінің қайырымдылық айлығы шеңберінде  аясында оздырылды. Игі іс аудан көлеміндегі мүмкіндігі шектеулі жандардың шығармашылық өнері арқылы әлеуметтік сауықтыру, сонымен қатар мүгедектер арасындағы талант иелерін қоғам өміріне араластыру мақсатында өткізілді.

Байқауға қатысушы 8 үміткер  бірнеше номинация бойынша  өз бақтарын сынап, таланттарымен көрерменді тәнті етті. Атап өтер болсақ, сайысқа қатысушылар эстрадалық вокал, көркем сөз жанрлары бойынша өнерлерін көрсетіп, қолөнер және бейнелеу өнерімен айналысатын қатысушылар  өздерінің  қолөнер бұйымдарын көрмеге қойып, әділқазылар алқасының бағасын алды. Осы орайда үміткерлер өз өнерлерін паш етіп, шығармашылығын халық назарына ұсынды. Өмірге деген құлшынысы ерекше жандардың халыққа көрсеткен өнері жиналған дүйім жұртты  таңғалдырды.

Фестиваль қортындысы  бойынша  үздік атанған Шыңғырлау ауылдық округінің тұрғыны  Кабиева Жұлдыз «Эстрадалық вокал» және көркем сөз номинациясы бойынша облыстық байқауға жолдама алды. Ал Ақбұлақ ауылдық округінен  келген өнерпаз Жарылқасова Клара өз кезегінде «Үздік жасампаз» номинациясы бойынша облыстық байқауға жолдаманы ұтып алды. Танылмаған таланттарды анықтап, мүмкіндік сыйлайтын аталмыш байқау қорытындысы бойынша үздіктер анықталып, қатысушыларға арнайы дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді