Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Орал қаласының Шыңғырлау ауданында отбасылық спорттық шара оздырылды

Батыс Қазақстан облысының Орал қаласына қарасты Шыңғырлау ауданында жас отбасылар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, үлгі етуді мақсат еткен спорттық спартакиада ойыны өткізілді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шыңғырлау аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен және Шыңғырлау аудандық Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының қолдауымен «Толағай» отбасылар арасындағы эстафеталық жарысы өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz. 

Л.Қылышев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде өткізілген жарысқа мұғалімдердің отбасыларынан құралған 5 отбасы қатысып, түрлі кезеңдерде бақ сынасты.


Отбасылар арасында ұйымдастырылған шара мақсаты дені сау, белсенді отбасы құндылығын қалыптастыру, салауатты өмір салтын ұстануға назар аудартып, дене тәрбиесін насихаттау болып табылады. Жарысқа 1-2 сынып оқушыларынан құралған 5 отбасы қатысып, 8 кезең бойынша сынға түсті. Аталмыш сайыста ата-аналар балаларымен бірге қимылдап, бір-бірін тез түсіну, жылдамдық, ептілік сынды қасиеттер бойынша жарысты.Тартысты әрі қызықты ойын қорытындысы бойынша Ғазизовтар отбасы 1 орынды иеленіп, жеңімпаз атанды. Жүлделі 2 орынды Бакытжановтар отбасы қанжығаласа, 3 орынға Махметовтар отбасы ие болды. Ойын барысында жақсы ойын өрнегін көрсеткендері үшін Исагалиевтер мен Завьяловтар отбасы белсене қатысқандары үшін арнайы алғыс хатпен марапатталды. Жарыс соңында Шыңғырлау аудандық Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының демеушілігімен барлық қатысқан отбасыларға диплом және бағалы сыйлықтар табыс етілді.


Жарысқа қатысушы отбасылар жоғарғы деңгейде өткізілген жарысқа атсалысқан барлық ұйымдастырушыларға, қатысқан отбасыларға және мектеп әкімшілігіне алғыстарын білдірді. Ұйымдастырушылар осы сынды додалар мен шаралардың өз жалғасын табатынын жеткізді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты