Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Батыс Қазақстан облысындағы Ақсай қаласында вокалды-аспапты ансамбльдер арасында облыстық байқау өткізілді

Батыс Қазақстан облысындағы Ақсай қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында, Ақсай қаласының туған күніне орай «Тәуелсіздікке тарту»  атты вокалды-аспапты ансамбльдер арасында облыстық байқау оздырылды. Батыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы және Бөрлі ауданы әкімдігінің қолдауымен, Бөрлі ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің аудандық демалу орталығының ұйымдастыруымен өткізілген мерекелік байқауға облысымыздың  алты ауданынан вокалды – аспапты ансамбльдер келіп қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Аталмыш облыстық байқау мақсаты өнер ұжымдарының жанды дауыста орындайтын кәсіби шеберліктерін дәріптеу, талант иелерінің шеберлігі мен шығармашылық ізденістерін ұштастыру, аспаптық музыканы кеңінен насихаттау, жастардың вокалды-аспапты ансамбль жанрына деген қызығушылығын ояту болып табылады. Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары Алпамыс Жаңабайұлы Кушкинбаев алғашқы сөз сөйлеп, шараға қатысушыларды мерекемен құттықтады. 

Байқауды 2019 жылы «Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында вокалды-аспапты ансамбльдердің  дәстүрлі «Туған жер әуені» облыстық фестиваль-конкурсында жанды дауыста орындаушылық кәсіби шеберлігі және үздік өнері үшін I орынды жеңіп алған Бөрлі аудандық демалу орталығының «Фортуна» вокалды-аспапты ансамблі ашып берді. Қатысушы ұжымдар алдын-ала таңдалған кезек бойынша өз шығармаларын көрермен назарына ұсынды.


Әділ қазы алқаларының шешімі бойынша Бигазиев Сергей жетекшілік ететін Халықтық «Тасқала» вокалды-аспапты ансамблі бас жүлдеге ие болды. Ал Шайхин Асыланбек жетекшілік ететін «Теректі» вокалды-аспапты ансамблі жүлделі І орынды қанжығалады. Өз кезегінде ІІ орынды Жәнібек ауданының вокалды – аспапты ансамблі иеленді. Ансамбль жетекшісі Жәнібектік Каримов Алтынбек. Ал ІІІ орын Шыңғырлау ауданынан келген Ажгалиев Саин жетекшілік ететін өнерпаздар, Халықтық «Арай» вокалды-аспапты ансамбліне бұйырды.

Сонымен қатар Казталов ауданының «Кешкі әуен» вокалды-аспапты ансамблі, жетекшісі Боранқұл Сәртөк және Тажаяқов Марат жетекшілік ететін Қаратөбе аудандық  вокалды – аспапты ансамблі байқау дипломанттары атанып, алғыс хаттармен марапатталды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Мультимедиа
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін марапаттады