Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда 3,4 мыңнан аса көліктің зиян шығарындылары шамадан асқаны анықталды

Алматыда 3,4 мыңнан аса көліктің зиян шығарындылары шамадан асқаны анықталды
Фото: kazlenta.kz / ЖИ

Алматыда LEZ пилоттық жобасының аралық қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengri Auto сайтына сілтеме жасап.

1 қыркүйек пен 24 қараша аралығында мамандар белгіленген норманың сақталуы бойынша 18 581 автокөлікті тексерді. Соның ішінде 3 435 көліктің шығарындылары белгіленген нормадан асқаны анықталды.

Автокөліктерде қандай ақау анықталды?

Зерттеу нәтижесі бойынша, көлік құралдары көбіне пайдаланылған газ құрамындағы көміртек тотығының (CO) шамадан тыс болуына байланысты тексерістен өте алмаған - 2 316 жағдай. Келесі кезекте мынадай олқылықтар тіркелді:

  • көміртек тотығы мен көмірсутек мқлшерінің қатар асып кетуі - 788 автокөлік;
  • көмірсутек бойынша - 298 автокөлік;
  • түтіндеу деңгейі бойынша - 33.

2 305 автокөлік қайта тексерілді. Соның ішінде ақау жойылғаннан кейін 1 475 көлік (64 пайызы) белгіленген нормаға сай келді.

Нәтиже автокөліктерге уақытылы техникалық қызмет көрсету зиянды шығарындылар мөлшерін азайтуға мүмкіндік беретінін көрсетеді.

Еске сала кетейік, LEZ пилоттық жобасы Алматыда 2026 жылғы 28 сәуірде іске қосылған. Ол жыл аяғына дейін жалғасады. Әзірге кіруге шектеу, айыппұл мен жолақы енгізілген жоқ.

Билік пилоттық жоба аяқталғаннан кейін нәтижесін бағалап, алдағы шараларды айқындайды. Тұрақты LEZ аймағының шекарасы Алматы әкімдігінің жеке қаулысымен бекітіледі.

Әкімдік дерегі бойынша, қаладағы зиянды шығарындылардың 60 пайызға жуығы автокөліктен тарайды. Сондықтан жүргізушілерге көліктің техникалық жағдайын қадағалап, шығарындылар мөлшерін арттыруы мүмкін ақауларды дер кезінде жою ұсынылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды