Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Батыс Қазақстан облысындағы Ақсай қаласында «Тілім менің –қуатым!» атты мерекелік шара өткізілді

Батыс Қазақстан облысындағы Ақсай қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында және Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тілім менің –қуатым!» атты мерекелік шара оздырылды. Аталмыш мерекелік шараға ауданда мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға,  мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайтуға үлес қосып жүрген тіл жанашырлары, мектеп мұғалімдері мен оқушылары, тіл айлығы аясында өткізілген байқаулардың жеңімпаздары қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Бөрлі ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Исатай Тастемірұлы Карабаев шараға қатысушы барша тіл жанашырларын, байқау жеңімпаздарын, мектеп мұғалімдерін мерекемен құттықтап өтті. Сонымен қатар мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайту бағытында түрлі шараларға қатысып, қоғам алдында белсенділік танытқандары үшін алғысын білдірді.  Келесі кезекте Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының алғыс хатымен Ә. Идгеева,  Ж.Ниярова, Б.Шалтанова, Б.Исмагулованы және  облыстық «Тілге құрмет – елге құрмет» челленджіне белсене қатысқаны үшін К. Комаринскаяны марапаттады.


Шара барысында үш тілді – қазақ, ағылшын және орыс тілдерін жетік меңгерген қабілетті тұрғындарды анықтау және қолдау, тіл мәдениетін көтеру мақсатында өткізілген «Тіл — тұнық ойдың кәусары» атты аудандық байқауда  өз талантымен танылған өнерлі жастарды жүлделерімен құттықтап, марапаттады. Келесі орайда «Тіл –тәуелсіздік тірегі» атты аудандық қашықтық шығармалар байқауында үздік шығармасымен ерекшеленген, шығармасы «Орал өңірі» газетінде жарияланған жеңімпаз Мұқанова Айымгүл Асқарқызы  және өзге де жүлдегер атанған қатысушылар арнайы алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Шығармалар байқауына белсене қатысқаны үшін қатысушыларға Бөрлі ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының арнайы алғыс хаты табысталды. Жеңімпаздарға дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді