Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Оралдық тоғызқұмалақшылар Республика бойынша чемпион атанды

2021 жылдың 4-6 қазан күндері Нұр-Сұлтан қаласында тоғызқұмалақтан "Ұлы дала рухы" атты республикалық тоғызқұмалақ ойындарынан фестивальдің финалдық кезеңі өз мәресіне жетті. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған жарыста әр аймақтан жеңімпаз атанған 4 облыс спортшылары бақтарын сынады, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Республикалық фестивальге өту үшін алдымен аймақтық жарыстар оздырылған еді. Әр аймақ арасынан үздік атанып, топ жарған  Нұр- Сұлтан қаласы, Батыс Қазақстан облысы, Түркістан облысы, Шығыс Қазақстан облысы командалары республикалық кезеңде өзара бақ сынасты.


Өңірімізде аталмыш ойын түрі 2004 жылдан бастап спорт мектептерінде ашылған еді. Содан бері облыс бойынша 7 жастан 25 жасқа дейінгі спортшылар тоғызқұмалақ ойынының дәрежесінің өсуіне, кеңінен таралуына өз үлестерін қосып келеді. Тоғызқұмалақтан Батыс Қазақстан облысының аға жаттықтырушысы Абдикаримов Даулет аталмыш ойынды 6 сыныптан бастап ойнайды, ал 2001 жылдан бастап тоғызқұмалақ ойынымен тұрақты айналысып келеді. 

«Финалға шыққан 4 облыс арасынан оза шауып, үздік атану – біз үшін үлкен мәртебе. 4 команда айналма жүйесімен 3 рет ойнады. 2 күн бойы 1,5 сағаттан 2 кезең бойы жарысты. Қарсыластар тартысты ойын көрсетті. Дегенмен де намысты қолдан бермей, жеңіске жеткен шәкірттеріммен мақтанамын», - дейді бапкер. 

Аталмыш жарыс 17 мен 21 жас аралығындағы жастар арасында оздырылды. Жеңімпаз атанған спортшылар да өңіріміздің  атын шығарғандарына қуанышты. Болашақта аталмыш ойын түрінің дамуын насихаттап, жастар арасында үлгі етуді мақсат етуде.


Тартысты жарыс нәтижесі бойынша айқын басымдылықпен Батыс Қазақстан облысының командасы 13 ұпаймен  І орынға ие болып, жеңіске жетті. ІІ орынды 11 ұпаймен Түркістан облысы қанжығаласа, ІІІ орынды 8 ұпаймен Нұр-Сұлтан қаласы иеленді. Ал  Шығыс Қазақстан облысы командасы 4 ұпаймен 4 орынға жайғасты. Батыс Қазақстан облысының құрама командасында Қайыржанов Асет, Ануарбеков Дархан, Салхай Таир, Ерниязова Ализа, Карина Аида, Бауыржанқызы Ақгүл сынды спортшылар ойын өрнегін көрсетті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Президент Мәртөк ауданындағы Саржансай cпорт кешеніне барды
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда