Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Оралда «Ұлы дала рухы» республикалық фестивалінің аймақтық іріктеу жарысы өтті

Орал қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына  және Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдық мерейтойына арналған ұлттық спорт түрлерінен «Ұлы дала рухы» республикалық фестивалінің аймақтық іріктеу жарысы оздырылды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Батыс аймақтық іріктеу жарысында 2000-2006 жылы туылған спортшылар бақ сынасты. Ұлттық спорттың жеті түрінен бсынға түскен жарысқа БҚО, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе және Қызылорда облыстарының жастары қатысты. Ұлттық спорт түрлерінен облыстық балалар - жасөспірімдер  спорт мектебі орналасқан Асан ауылында ат спорты түрлерінен жарыстар өтіп, нәтижесінде Батыс Қазақстан облысының спортшылары Теңге ілуден жеңімпаз атанды. Жеңімпаздар Елордада өтетін финалдық кезеңге жолдама алды. Тартысты ойын қорытындысы бойынша облыс  аударыспақшылары қола жүлдеге ие болды. Облыс намысын қорғаған тоғызқұмалақшылар  аталмыш спорт түрі бойынша 1 орынды қанжығасына байлады. Ал асық ату спорты бойынша БҚО командасы 3 орынға жайғасты.


Өзара жолдаманы сарапқа салып, нәтижесінде жеңіске жеткен командалар Нұр-Сұлтанда өтетін финалдық кезеңде бақ сынайтын болады.

Елімізде ұлттық спорт түрлерін дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастарды отансүйгіштікке және патриоттыққа баулу, ең бастысы ұлттық спорт түрлерін дамытудағы ең мықты өңірді анықтау мақсатында ұйымдастырылып отырған фестиваль маңыздылығы жоғары.


Еліміз қашаннан да өзіне тән ұлттық құндылықтарымен ерекшеленеді. Оның ішінде ұлттық спорт түрлері де бар. Жеті қазынаның бірі саналатын жылқыдай жануардың өзімен өткізілетін бірнеше спорт түрлері халық арасында кеңінен  танымал. Ат спортымен шүғылдану кез-келгеннің қолынан келе бермейтіні барлығымызға аян. Көкпар, теңге ілу, аударыспақ сынды ұлттық ойындар ерлерді төзіміділікке, қайсарлыққа баулиды. Ат жалын тартып мінген спортшы қашаннан өжеттілік пен дәлдікті үлгі етеді. Осы орайда  аталмыш спорт түрлерінен спорттық ойындар ұйымдастырып, жастар арасында рухани байлығымызды дәріптеу мақсатында және қызығушылығын арттыру үшін осы сынды шаралардың жиі өткізілуі маңызды. Ұлттық спорттың мәртебесін асқақтату – барлығымызға міндет.

Айбарша ЛЕКЕРОВА
Орал қаласы
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді