Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

500 SIM-карта және 39 банк картасы: Павлодарда полиция киберқылмысқа қарсы күрес нәтижесін жариялады

500 SIM-карта және 39 банк картасы: Павлодарда полиция киберқылмысқа қарсы күрес нәтижесін жариялады
Фото: polisia.kz

Павлодар облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде "Цифрлық қауіпсіздік: Павлодар облысы тұрғындарын киберқылмыстардан қалай қорғауға болады" тақырыбында брифинг өтті. Брифингте Павлодар облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Сүйіндік Кайырбаев сөз сөйледі, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Брифинг барысында ол өңірдегі интернет-алаяқтыққа қатысты ахуал, полицияның киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бағытындағы жұмысының нәтижелері, сондай-ақ алаяқтар жиі қолданатын алдау тәсілдері туралы айтып берді. Осы жылдың 10 айында Павлодар облысында интернет-алаяқтықтың 1 337 фактісі тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31% аз. Оң динамика киберқылмыстардың алдын алу, алаяқтық схемаларды анықтау және оларды техникалық әрі қаржылық тұрғыдан қамтамасыз ететін тұлғалардың әрекетін тоқтатуға бағытталған кешенді жұмыстың нәтижесінде қалыптасып отыр. Спикер алаяқтықтың көпсатылы схемаларына ерекше тоқталды. Мұндай жағдайда қаскөйлер азаматтардың сеніміне біртіндеп кіріп, оларға психологиялық қысым көрсетеді және асығыс шешім қабылдауға мәжбүрлейді.

Атап айтқанда, SMS-кодтарды алу, банктердің, мемлекеттік органдар мен түрлі ұйымдардың атынан қоңырау шалу, жалған инвестиция ұсыну, мессенджерлердегі аккаунттарды иемдену және интернет арқылы тауар сатып алу кезінде алдау схемалары түсіндірілді. Сондай-ақ брифингке қатысушыларға алаяқтардың жасанды интеллект технологияларын пайдаланып, танымал тұлғалардың жалған бейне және аудиожазбаларын жасайтыны туралы айтылды. Осы материалдар арқылы азаматтарды жалған инвестициялық жобаларға тарту әрекеттері жасалады. Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл аясында полиция қызметкерлері SIM-карталарды заңсыз белсендіруге және ақшалай қаражаттарды қолма-қол ақшаға айналдыруға қатысы бар тұлғаларды ұстады. Заңсыз айналымнан 120-дан астам мобильді құрылғы, 500 абоненттік SIM-карта, 39 банк картасы және екі SIM-box құрылғысы тәркіленді. Жалпы интернет-алаяқтыққа қатысы бар деген күдікпен 33-ке жуық адам, оның ішінде үш кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталды. Брифинг соңында ПД өкілі өңір тұрғындарын цифрлық қауіпсіздік ережелерін сақтауға, бөгде адамдарға SMS-кодтарды, құпиясөздер мен дербес деректерді бермеуге, бейтаныс адамдардың нұсқауы бойынша қашықтан қол жеткізуге арналған бағдарламаларды орнатпауға, күмәнді сілтемелерге өтпеуге және ақшаны "қауіпсіз шоттарға" аудармауға шақырды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды