Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Бәйтерек» холдингінің директорлар кеңесі 2027 жылға арналған бюджетті бекітті

«Бәйтерек» холдингінің директорлар кеңесі 2027 жылға арналған бюджетті бекітті
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингінің директорлар кеңесі отырысын өткізді. Жиын барысында Кеңес холдингтің жылдық бюджетін, басқарма төрағасы мен мүшелерінің 2027 жылға арналған қызметінің негізгі көрсеткіштерін бекітті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Холдинг қызметі Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған инвестициялық тиімділікті арттыру және экономиканың нақты секторын дамыту жөніндегі міндеттерді жүзеге асыруға бағдарланады. Осыған орай алдағы жылға арналған холдинг қызметінің негізгі көрсеткіштері қатарына негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемі, қолдау көрсетілген кәсіпорындар кірісі, сондай-ақ олардың экспорттық сатылым көлемі енгізілді. 

2027 жылы «Бәйтерек» холдингінің компаниялар тобы экономикаға 8 трлн теңгеге қолдау көрсетуді жоспарлап отыр. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібіндегі, инфрақұрылым және агроөнеркәсіп кешеніндегі негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемі шамамен 1,17 трлн теңге болмақ. Холдингтің қатысуымен тұрғын үй секторында 2,7 млн шаршы метрге жуық тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда.

Жобаларды қаржыландыру үшін холдинг нарықтан қаражат тартуды жалғастырады. 2027 жылы мемлекеттік емес қаржы көздерінен алынатын ақша қарыздардың жалпы көлемінің 54%-ын құрайды деп болжануда. Екінші деңгейлі банктердің мемлекеттік қолдау құралдарын пайдалана отырып, бизнесті қаржыландыруға қатысуы өз алдына бөлек бағаланатын болады.

Бұл шешімдердің негізінде Директорлар кеңесі тамыз айында мақұлдаған холдингтің 2033 жылға дейінгі жаңартылған даму жоспары жатыр. Оның басымдықтарының бірі – жаңа өндірістерді іске қосатын немесе жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың қуатын арттыратын кәсіпорындар үшін мүмкіндіктерді кеңейту. «Бәйтерек» осы жобаларды қаржыландыруға банктер мен жеке инвесторларды тартатын болады.

Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-министр Холдингтің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі, ішкі аудит және сатып алу рәсімдерін бақылау жұмысының тиімділігін арттыру қажеттігін атап өтті. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша нақты шаралар қабылдауға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар жүктелген міндеттерді орындауда формальды тәсілге жол бермеудің және Холдинг қызметінің тиімділігін арттыру бойынша нақты ұсыныстар әзірлеудің маңыздылығы атап өтілді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды