Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жасанды интеллект және білім: Астана мектептері мен QAIRU ынтымақтастық орнатты

Жасанды интеллект және білім: Астана мектептері мен QAIRU ынтымақтастық орнатты
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астана қаласының Білім басқармасының басшысы, Qazaq AI Research University (QAIRU) өкілдері және «AI Teacher Astana» қалалық жобасына қатысушы білім беру ұйымдарының басшыларының қатысуымен жұмыс кездесуі өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Білім басқармасы мен университет арасындағы ынтымақтастықты нығайту, білім алушылардың жасанды интеллект саласындағы құзыреттіліктерін дамыту, ерте кәсіптік бағдар беру, сондай-ақ математика, информатика және физика пәндері бойынша болашақ педагогтарды даярлау мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру деңгейлері арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етуге, педагогтердің кәсіби және цифрлық құзыреттіліктерін арттыруға, жасанды интеллект технологияларын білім беру процесіне тиімді енгізуге ерекше назар аударылды.

Бірлескен білім беру және ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру, озық тәжірибелерді зерделеу және білім беру ұйымдарына ғылыми-әдістемелік қолдау көрсету бойынша ұсыныстар қарастырылды.

Кездесу Астана қаласының Білім басқармасы мен Qazaq AI Research University (QAIRU) арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Аталған ынтымақтастық елорданың білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні жүйелі енгізуге, педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыруға және білім алушылардың болашақ мамандықтарға қажетті құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды