Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Батыс Қазақстан облысындағы Ақсай қаласында бадминтоннан Бөрлі ауданының БЖСМ біріншілігі өтті

Батыс Қазақстан облысындағы Ақсай қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Ақсай қаласы күні мерекесіне орай бадминтоннан 2007 ж.т және одан кіші жасөспірімдер арасында Бөрлі ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің біріншілігі ұйымдастырылды. Ақсай қаласы Конденсат АҚ спорт кешенінде ұйымдастырылған біріншілікке 40 жас бадминтоншы қатысып, өз шеберліктерін көрсетті, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Жастар арасында дене шынықтыру және спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және белсенді спорт түрі ретінде аталмыш ойынды дәріптеу мақсатында өткізілген шара жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыруда маңызды рөл атқарады. Елімізде аталмыш спорт түрі 1964 жылдан бастап дами бастады. 2015 жылы аталмыш Конденсат АҚ спорт кешенінде бадминтоннан халықаралық жарыс өткізілген еді. Халықаралық жарыста жалпы саны 17 мемлекеттің спортшылары жарысқан залда жас спортшыларымыз да өзара бақ сынасты. Кезінде ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы Мәлік Бейсалиев «Қазақстандағы бадминтонның дамуына Батыс Қазақстан облысының қосқан үлесі орасан зор» деген еді. Осы орайда жас спортшыларымызды осы спорт түрінен дайындап, болашақтарына үлес қосу –маңызды.


Аталмыш жарыс қыздар және ер балалар арасында өткізілді. Жас бадминтоншылар арасында өткізілген жарыс қорытындысы бойынша қыздар арасында жекелей санатта жүлделі 1 орынды Савчук Ангелина қанжығасына байласа, 2 орынды Байтемирова Динара иеленді. Өз кезегінде Фащенко Полина жүлделі 3орынды иеленді.  Ал ер балалар арасындағы жекелей санатта жүлделі 1 орынға Сумкин Трофим ие болды. Жас бадминтоншы Ғалиақбар Ғалымбек 2 орынды қанжығасына байлады. Ал жас спортшы Максутов Нурлан 3 орынмен марапатталды.


Жарыстың барша жеңімпаздары мен жүлдегерлері Бөрлі ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің арнайы дипломдарымен және медальдарымен марапатталды.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді