Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Батыс Қазақстан облысында Бөрлі ауданы әкімінің кубогіне арналған Республикалық Жайдарман ойыны өткізілді

Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Ақсай қаласының туған күні аясында Бөрлі  ауданы  әкімі  кубогіне  арналған  Республикалық  «Жайдарман жұлдыздары Ақсайда» тақырыбындағы жайдарман ойындары өтті. Аталмыш ойынға елімізде республикалық деңгейде өнер көрсетіп жүрген атақты командалар мен облысымызда танымал командалар қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Республикалық Жайдарман ойынының шымылдығы қала күніне орай Ақсай қаласына арнап шығарылған жаңа әнмен ашылды. Жарқынбек Шынтаевтың сөзіне жазылған Ербол Акбасовтың әні "Aksai is beautifiul city" атты жаңа ән шараның көркіне көрік қосты. Әннің алғашқы орындаушылары болып Алдаберген Аймағанбетов, Гүлсезім Қуанышқалиева, Эдуард Садыков атанды. Қала күніне орай ұйымдастырылған Жайдарман ойынына 11  команда  қатысты. Ойын «Ақсай қаласы, Бөрлі ауданы» еркін тақырыбында өткізілді. «Қарашығанақ» спорт кешенінің сахнасына атақты квн ойыншылары, әзіл-сықақ жобаларының өкілдері және блогерлер жиналды.


Бөрлі ауданы әкімінің кубогына арналған Республикалық Жайдарман ойынының қазылар алқасы құрамына «Назар аудар» театрының актеры Марс Жайлауов,  ардагер жайдарманшы Данияр  Искали, БҚО қазақша күрес ассоциациясының президенті Әсет Сұлтанұлы,  Режиссер —Артпрактик Арна Доспулаева,   Жастар ресурстық орталығының басшысы Руслан Азаматов, Тәуелсіздік құрдасы, ақын Жарқынбек Шынтаев, Ақсай радиосының жүргізушісі Ақтілек Кадыров кірді. Ойынды «Назар аудар» театрының актеры Самат Қабдиев тізгіндеді. Әзілге толы жалынды кеште Маңғыстаудан келген «Боранқұл» командасы, Ақтөбелік «Фемида» командасы, Атыраудан келген «Сағыз» құрамасы, Оралдық «ҚАЗИИТУ», «Европолюс», «Грант», «Талант», «Дежавю» құрамалары, Сырымдық «Ақырап 25», Бәйтерек ауданының командасы «Белес» және Қаратөбеден келген «Қаратөбе» командалары өнер көрсетті. Ойынға қатысушы командалар көрермендер мен телекөрермендерге керемет көңіл-күй мен жағымды эмоциялар сыйлады.


Ойын нәтижесі бойынша бас жүлдеге Маңғыстаулық «Боранқұл» мен Ақтөбелік «Фемида» құрамалары ойыншыларынан құралған құрама топ ие болды. 1 орынға Оралдық «Дежавю» командасы лайық атанса, 2 орынды Атыраудан келген «Сағыз» командасы мен Оралдық «ҚАЗИИТУ» командасы мүшелерінен құралған құрама топ қанжығалады. Жүлделі 3 орынды Сырымдық «Ақырап 25» командасы иеленді. Ойын барысында үздік өнер көрсетіп, халық қалаулысы атанған жанға берілетін дәстүрлі "Үздік ойыншы"  номинациясын Бөрлі аудандық "Квартал Ақсай" командасының капитаны Ислам Тлекешов жеңіп алды. Аталмыш өткізілген Республикалық жайдарман ойынының бас жүлдесінің кубогын аудан әкімі Сатқанов Миржан Мұнайдарұлы арнайы табыстап, қатысушы командаларға алғысын айтып  ақ жол тіледі.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі