Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда

Астанада тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда
Фото: polisia.kz

Астанада тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

“Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында елордалық полицейлер қоғамдық орындардың ластануына және абаттандыру қағидаларының бұзылуына жол бермеу әрі олардың алдын алу мақсатында тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар өткізуде. Жыл басынан бері қоғамдық орындарды ластағаны және абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін 32 мыңнан астам құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мәселен, қаланың шеткері аумағында екі жүк көлігін пайдалана отырып, құрылыс материалдарын белгіленбеген орынға, яғни ортақ пайдаланылатын аумаққа төгу фактісі анықталды.

Аталған көлік құралдарының жүргізушілері құрылыс материалдарын оларды орналастыруға арналмаған жерге түсірген. Жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 344-бабы бойынша әкімшілік материалдар жинақталып, шешім қабылдау үшін Экология департаментіне жолданды. Полиция осындай құқық бұзушылықтардың алдын алуға және елорданың тазалығы мен абаттандырылуына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған профилактикалық жұмыстарды жалғастыруда. Құқық қорғау органдары қала тұрғындары мен қонақтарын белгіленген талаптарды сақтауға және қоршаған аумақты ластауға жол бермеуге шақырады.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді