Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада абаттандыру талаптарын бұзғандар жауапқа тартылды

Елордада абаттандыру талаптарын бұзғандар жауапқа тартылды
Фото: polisia.kz

"Таза Қазақстан" акциясы аясында елорда аумағында санитарлық тазалықты қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау бағытындағы жұмыстар күшейтілді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қала аумағында абаттандыру талаптарын сақтау, тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген орындарға тастау фактілерінің алдын алу мақсатында тұрақты түрде рейдтік және профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Кезекті бақылау барысында Е430 көшесі аумағында заңсыз қоқыс үйінділері анықталды. Аталған аумақта жиналған қалдықтар қала аумағының санитарлық жағдайына кері әсер етіп, қоршаған ортаға зиян келтірген.

Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, қоқысты белгіленбеген орынға тастау және абаттандыру қағидаларын бұзу фактісі бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабының 2-бөлігі жауапты тұлғалар әкімшілік жауапқа тартылды. Сонымен қатар "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында жыл басынан бері қала аумағында 30 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде абаттандыру қағидаларын бұзу, қоқысты белгіленбеген орындарға тастау және санитарлық тазалық талаптарын сақтамауға қатысты фактілер бар. Полиция барша азаматты қоршаған ортаны таза ұстауға, қоқысты тек арнайы белгіленген орындарға тастауға және абаттандыру талаптарын сақтауға шақырады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді