Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада абаттандыру талаптарын бұзғандарға шара қолданылды

Елордада абаттандыру талаптарын бұзғандарға шара қолданылды
Фото: polisia.kz

Елордада полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, тазалықты сақтау және қолайлы экологиялық ахуалды қалыптастыру бағытында тұрақты түрде жұмыс жүргізуде, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталған шаралар республикалық "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы мен "Заң мен Тәртіп" тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылуда. Негізгі мақсат – қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету. Күнделікті патрульдеу барысында қоғамдық орындарды ластауға қатысты түрлі құқық бұзушылықтар анықталуда. Атап айтқанда, темекі тұқылдары мен қоқысты бейберекет тастау, қоғамдық орындарда түкіру, қалдықтарды белгіленбеген жерлерге төгу, сондай-ақ жүк және ассенизаторлық көліктердің ағынды суларды заңсыз төгу фактілері тіркелуде. Сонымен қатар полиция қызметкерлері аумақтарды абаттандыру және санитариялық күтіп-ұстау талаптарының сақталуына ерекше назар аударуда.

Кезекті рейдтік іс-шара барысында Е. Серкебаев көшесінде құрылыс алаңына іргелес аумақты тиісті деңгейде күтіп ұстамаған, сондай-ақ құрылыс нысандарын қоршауға қойылатын талаптарды бұзған екі құрылыс ұйымы анықталды. Анықталған заң бұзушылықтар бойынша әр ұйымға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес әкімшілік шаралар қолданылды. Бұдан бөлек, профилактикалық іс-шара барысында полиция қызметкерлері 34 жастағы азаматтың әкімшілік құқық бұзушылық жасағанын анықтады. Ол темекі шеккеннен кейін тұқылын жерге тастап, кейін автокөлігіне отырған. Құқық бұзушының жеке басы анықталып, тиісті шаралар қабылданды. Жыл басынан бері қоғамдық орындарды ластағаны үшін 400-ге жуық азамат, ал қалаларды абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін 27 мыңнан астам адам әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Полиция елорда тұрғындары мен қонақтарын заң талаптарын сақтауға, қоғамдық орындардың тазалығын қамтамасыз етуге және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға шақырады. Тазалық – тек коммуналдық қызметтердің емес, әр азаматтың ортақ жауапкершілігі.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді