Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодарда құрылыс қалдықтарын заңсыз төгу дерегі анықталды

Павлодарда құрылыс қалдықтарын заңсыз төгу дерегі анықталды
Фото: polisia.kz

Павлодар қаласында "Таза Қазақстан" жалпыұлттық бағдарламасын іске асыру аясында полиция қызметкерлері абаттандыру талаптары мен табиғат қорғау заңнамасының сақталуын бақылау бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

5 тамызда жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында қала аумағындағы бау-бақша серіктестіктерінің бірінде құрылыс қалдықтарын белгіленбеген жерге заңсыз төгу фактісі анықталды. Полиция қызметкерлері анықтағандай, Павлодар қаласындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің біріне тиесілі Shacman жүк көлігінің жүргізушісі басшылықтың тапсырмасымен құрылыс қалдықтарын арнайы белгіленбеген аумаққа төккен.

- Осы дерек бойынша заңды тұлғаға қатысты әкімшілік материалдар жиналып, қарау және құзыреті шегінде тиісті шешім қабылдау үшін Павлодар облысының Экология департаментіне жолданды, – деді Павлодар облысы полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Азамат Күркебаев. 

Полиция азаматтар мен ұйым өкілдерін тазалық талаптарын сақтауға, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға және тұрмыстық әрі құрылыс қалдықтарын тек арнайы белгіленген орындарға шығаруға шақырады. Қоршаған ортаның тазалығы мен қоғамдық тәртіпті сақтау – баршаға ортақ міндет. "Таза Қазақстан" бағдарламасының мақсатына қол жеткізу де әр азамат пен ұйымның жауапкершілігіне тікелей байланысты. Бірлескен күш-жігер ғана туған өлкенің тазалығы мен көркеюін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты