Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада тазалық пен тәртіпті сақтау бағытындағы жұмыстар жалғасуда

Елордада тазалық пен тәртіпті сақтау бағытындағы жұмыстар жалғасуда
Фото: polisia.kz

Елордада тазалықты сақтау, абаттандыру мәдениетін қалыптастыру және экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған республикалық "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы жалғасып жатыр, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жыл басынан бері полиция қызметкерлері қоқысты заңсыз тастау, қоғамдық орындарды ластау, абаттандыру қағидаларын бұзу және қаланың санитарлық жағдайына кері әсер ететін өзге де құқық бұзушылықтар үшін шамамен 20 мың азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты. Кезекті рейдтік іс-шаралар барысында құрылыс алаңына іргелес аумақты талапқа сай күтіп ұстамау фактісі анықталды.

Қоқыс пен құрылыс материалдарын белгіленбеген орындарға жинағаны үшін құрылыс ұйымының басшылығы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Астана қаласының полиция департаменті тазалық пен абаттандыру қағидаларын сақтау әрбір тұрғын мен ұйымның ортақ міндеті екенін еске салады. Қаладағы тәртіп пен тазалық — қоршаған ортаға деген жауапкершіліктен басталады.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды