Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

195 адам табылып, 12 қылмыс ашылды: Алматыда полицияның қоғамдық көмекшілері тәртіп сақшыларына жәрдемдесуде

195 адам табылып, 12 қылмыс ашылды: Алматыда полицияның қоғамдық көмекшілері тәртіп сақшыларына жәрдемдесуде
Фото: polisia.kz

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде полиция мен тұрғындардың бірлескен жұмысы маңызды рөл атқарады. Алматыда полицияның қоғамдық көмекшілері құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық тәртіпті сақтауға және бірлескен рейдтік іс-шараларға белсенді қатысып келеді,  деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қоғамдық көмекшілердің жұмысы бірнеше бағытты қамтиды. Атап айтқанда, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, қауіпті аумақтарды анықтау, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға атсалысу. Бірлескен жұмыстың нәтижесі де бар. Жыл басынан бері қоғамдық көмекшілердің жәрдемімен 12 қылмыс ашылып, 3 мыңнан астам құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әсіресе “Қоғам” қоғамдық жасағының жұмысы ерекше атап өтуге тұрарлық. Жасақ мүшелерінің көмегімен бұған дейін хабар-ошарсыз кеткен 195 адамның жүрген жері анықталып, олар табылды. Алматы қаласы полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаев қоғамдық тәртіпті сақтауға тұрғындардың қатысуы маңызды екенін атап өтті.

— Қоғамдық көмекшілер – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі сенімді серіктестеріміз. Олардың белсенді азаматтық ұстанымы, айналасына бейжай қарамауы және көмекке дайын болуы туындаған мәселелерге дер кезінде назар аударуға, құқық бұзушылықтың алдын алуға және полиция мен тұрғындар арасындағы сенімді нығайтуға ықпал етеді. Біздің ортақ міндетіміз – әр адам айналасындағы тәртіпке жауапкершілікпен қарайтын қауіпсіз орта қалыптастыру, — деді Тимур Ноғайбаев.

Полиция мен қоғамдық көмекшілердің бірлескен рейдтері де осы жұмыстың бір бөлігі. Рейд барысында олар тұрғындармен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, проблемалық аумақтарды назарға алады және заң талаптарын түсіндіреді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды