Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай «Бақыт құшағында» атты гала-концерт өтті

Шымкентте Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай «Бақыт құшағында» атты гала-концерт өтті
Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

15 тамыз – Қазақстанның халық әртісі, көрнекті композитор, «қазақ вальсінің королі» атанған Шәмші Қалдаяқовтың туған күні. Осы айтулы датаға орай Шымкент қаласындағы «Шәмші әлемі» гүлзарында «Бақыт құшағында» атты гала-концерт өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мерекелік іс-шарада қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек пен қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев бастаған бір топ зиялы қауым өкілдері алдымен «Шәмші әлемі» гүлзарында орналасқан Шәмші Қалдаяқов ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Шәмші Қалдаяқовтың мол мұрасын ұлықтаған кеш Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен басталды. Одан кейін ән саңлағының қазақ музыкасының алтын қорынан орын алған  “Теріскей”, “Құшақ жайған қандай адам”, “Қайықта”, «Арыс жағасында», «Ана туралы жыр», “ Әнім сен едің”, “Қайдасың?”, “Отырардағы той”, “Шынарым”, “Ақмаңдайлым», «Бақыт құшағында», «Сыр сұлуы», «Дүңген қызы»,«Сыған серенадасы» сынды туындылары шырқалды.Шәмші Қалдаяқов – ұлттық музыка өнерінде өзіндік өрнегін қалыптастырған бірегей тұлға. Оның әуендерінен қазақ даласының кең тынысы, халықтың қуанышы мен мұңы, сағынышы мен махаббаты, туған жерге деген перзенттік сезімі айқын аңғарылады. Сондықтан да композитор туындылары уақыт өткен сайын көмескіленбей, қайта әр буынның жүрегіне жол тауып келеді.

Гала-концерт барысында өнерпаздар Қазақ ұлттық аспаптар оркестрінің және қалалық Опера және балет театры симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен композитордың көпшілікке кеңінен танымал шығармаларын жанды дауыста орындады. Әсем әнге бөленген «Шәмші әлемі» көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлады.
Сахнада шырқалған әр шығарма қала тұрғындары мен қонақтарын Шәмші Қалдаяқов өмір сүрген дәуірге жетелеп, қазақ ән өнерінің қайталанбас әлеміне бойлатты. Бірі туған жерге деген сағынышты жеткізсе, бірі махаббат сырын ақтарды, енді бірі анаға деген перзенттік сезімді асқақтатты. Осылайша, кеште орындалған әндер композитор мұрасының уақыт өткен сайын жаңғырып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, халықпен бірге жасай беретінін тағы бір мәрте айғақтады.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді