Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Оркестрлер шеруі қала тұрғындарына мәдени демалыс сыйлады

Оркестрлер шеруі қала тұрғындарына мәдени демалыс сыйлады
Фото: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Шымкент қаласының Наурыз алаңында республикалық Оркестрлер шеруінің салтанатты ашылуы өтті. Қала күніне орай 15 және 17 маусым күндері Наурыз алаңында еліміздің әр өңірінен келген классикалық, ұлттық және заманауи жанрдағы оркестр ұжымдары өнер көрсетеді, деп деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінгі Оркестрлер шеруінің ашылу рәсіміне «Шымкент концерт» концерттік ұйымының Қазақ ұлт-аспаптар оркестрі мен Шымкент қалалық Опера және балет театрының симфониялық оркестрі қатысып, қала тұрғындарына керемет мәдени демалыс сыйлады.

17 маусым күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының «Ақжауын» камералық оркестрі, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрі, Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының Ш.Қажығалиев атындағы эстрадалық-симфониялық оркестрі, CDA Big Band джаз оркестрінің қатысуы жоспарланып отыр.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек оркестрлер шеруі іс-шаралардың онкүндігі аясында өтіп жатқанын жеткізіп, қала тұрғындары мен қонақтарын керемет концерттерді тамашалауға шақырды.

Айта кетсек, республикалық Оркестрлер шеруін Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен, Шымкент қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы ұйымдастырды.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады