Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте «Абай әлемі» республикалық байқауының финалы өтті

Шымкентте «Абай әлемі» республикалық байқауының финалы өтті
Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Шымкент қаласында ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының әдеби-рухани мұрасын дәріптеуге арналған «Абай әлемі» республикалық байқауының қорытынды кеші өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Байқаудың алғашқы кезеңі 1 маусым мен 15 шілде аралығында өтті. Биыл 18-35 жас аралығындағы 117 үміткер қатысып, оның 26-сы финалға жолдама алды. Қатысушылар еліміздің барлық өңірінен жиналды.

Салтанатты кеште финалистер Абайдың өлеңдері мен қарасөздерін мәнерлеп оқып, шығармашылығына арналған зерттеулерін ұсынды. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек Абай мұрасының жас ұрпаққа рухани-адамгершілік құндылықтарды сіңірудегі маңызын атап өтті.

Бас жүлдені 6506 әскери бөлімінің қызметкері Мәлік Бекжан жеңіп алып, 1 миллион теңге көлемінде сыйақыға ие болды. Батыс Қазақстан облысынан келген Азат Мыңбаев бірінші орынды иеленіп, 700 мың теңгелік жүлдені алды.

«Абай әлемі» байқауы үшінші жыл қатарынан өтіп, жас дарындарды анықтау мен Абай шығармашылығын насихаттаудың маңызды алаңына айналды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады