Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына арналған «Әнім сен едің» атты мерекелік концерт өтті

Астанада Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына арналған «Әнім сен едің» атты мерекелік концерт өтті
Фото: Мемлекеттік Академиялық филармониясының баспасөз қызметі

Елорда күніне орай Қазақстанның халық композиторы Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына арналған «Әнім сен едің» атты мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Мәдени іс-шара Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония маусымының жабылуына орай «PHILHARMONIC FEST–2025» музыкалық фестивалі аясында  ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – ұлттық ән өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан көрнекті композитордың бай шығармашылық мұрасын дәріптеу, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік пен өнерге деген құрметті қалыптастыру, сондай-ақ халықтың рухани мәденитін байыту.

Кештің шырайын Қазақстанның халық әртістері Майра Ильясова, Нұржамал Үсенбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Сүндет Байғожин, Естай Мұқашов, Ұлықпан Жолдасов, Светлана Айтбаева, Арайлым Рахымқызы және мәдениет саласының үздіктері Секен Сыздық, Берік Омаров, Алтыншаш Мұқатаева, сондай-ақ филармонияның шығармашылық ұжымдары – Қазақ оркестрі, Үрлемелі оркестр, «Сарыарқа» фольклорлық ансамблі, «Қорқыт» этно ансамблі, «Шалқыма» халық би ансамблі және «ALEM» заманауи би балеті келтірмек. Концерт барысында көрермен қауымға Шәмші Қалдаяқовтың ел жадында сақталған, ұлттың музыкалық қазынасына айналған әндері заманауи өңдеуде, түрлі стильде ұсынылады. Ұйымдастырушылардың айтуынша,  кеш көрерменге тек музыкалық ләззат қана емес, рухани серпіліс сыйлады.

PHILHARMONIC FEST "- бұл концерттік маусымның жабылуына орайластырылған жыл сайынғы іс-шара, биыл біз шеруді орталық саябақ арқылы бастадық, шерудің басында үрмелі оркестр жүріп, филармония туын мақтанышпен көтердік. Негізгі мақсат-халыққа жақын болу, сүйікті көрерменмен ашық атмосферада кездесу. Бүгін Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған тамаша концерт өтті. Амфитеатр залын толтырған көрермен әр әртісті, әр нөмірді өте жылы қарсы алғанын атап өткім келеді. Шәмшінің әндері - жүрек үнін жеткізген махббат гимні іспетті - деп атап өтті Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік Академиялық филармониясының режиссері Бақыт Тәженов.

Қазақ халқының мәдени мұрасына өлшеусіз үлес қосқан Шәмші Қалдаяқовтың әндері Қазақ елінің барлық өңірлерінде жиі айтылып, әнсүйер қауым арасында кең тараған. Бала кезінен-ақ бойындағы музыкалық талантын алқалы жиындар мен байқауларда таныта білген сазгер 1950 жылдан бастап шығармашылықпен түбегейлі айналысты. Сазгер 40 жылдан астам уақыт бойы шығармашылықпен тұрақты айналысып, халық жүрегінен орын алған 300-ге жуық музыкалық шығарма жазды. Композитор шығармаларының тақырыптық, мазмұндық ауқымы аса кең. Оның шығармаларында туған ел мен жерге, ата-анаға, жар мен досқа деген сүйіспеншілік көрініс табады. Көрермендердің айтуынша, Шәмші Қалдаяқовтың әндері буын алмасса да, өзектілігін жоғалтпай, тыңдаушыны әркез тебірентіп отырады.

Шәмшінің әр әні – жүректен шыққан шынайы сыр. Әр сөзі, әр әуені жүрекке жетеді», – деді кешке қатысқан  көрермен, - деді Дамира Туфатулина.


Бұл әндерді біз тыңдап өстік. Енді балаларымыз да сол әуендерді шырқап жүр. Бұл — шын мәніндегі мәңгілік музыка», – деп пікір білдірді Анар Балтабаева.

Концерттік бағдарламада композитордың кеңінен танылған 20-ға жуық шығармалары орындалды. Оның  ішінде «Арыс жағасында», «Сен сұлу», «Ана туралы жыр», «Сағынышым менің», «Ақ бантик», «Ақмаңдайлым», «Бақыт құшағында» және басқа да елге кеңінен танымал әндері шырқалады. Бұл әндер – бірнеше буынның жүрегінен орын алған шынайы ұлттық музыкалық мұра. Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған бұл кеш ұлттық өнерге деген құрмен пен ықыластың жарқын үлгісі болды. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті