Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада Шәмші Қалдаяқовтың туған күні кең көлемде аталып өтті

Астанада Шәмші Қалдаяқовтың туған күні кең көлемде аталып өтті
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астанада қазақтың белгілі композиторы Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне арналған ауқымды музыкалық іс-шаралар өтті. Композитордың танымал әндері елорданың түрлі алаңдарында шырқалып, әлеуметтік желілерде орындалып, түрлі буын өкілдерін бір арнаға тоғыстырды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мерекелік іс-шаралардың бірі Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермендер театры әртістерінің қатысуымен өткен музыкалық перформанс болды.

Өнерпаздар композитордың «Арыс жағасында», «Сағынышым менің», «Бақыт құшағында», «Ана туралы жыр», «Құшақ жайған қандай адам» және халық сүйіп тыңдайтын өзге де әндерін орындады.

Мерекелік бастамаға мәдениет, білім және жастар саясаты саласының өкілдері, шығармашылық ұжымдар, балалар, зиялы қауым мен аға буын өкілдері, сондай-ақ елорданың белсенді тұрғындары да атсалысты.

Олар Шәмші Қалдаяқовтың әндерін орындап, бейнежазбаларын әлеуметтік желілерде жариялап, музыкалық эстафетаны бір-біріне жолдады.
Елорда көшелерінде блиц-сауалнамалар ұйымдастырылып, онда қала тұрғындары композитордың өздері сүйіп тыңдайтын шығармаларын атады.

Елордалық жастар да мерекелік шараларға үн қосып, қала автобустарында Шәмші Қалдаяқовтың әндерін орындады. Музыкалық акция жолаушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, талай ұрпақтың жадында сақталған әндерді тағы бір мәрте еске салды.

Сонымен қатар Шәмші Қалдаяқовтың бейнесі елордадағы алып шолу дөңгелегінің экранында көрініс тапты.

Бұл іс-шаралар Шәмші Қалдаяқов мұрасының ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, халықпен бірге өмір сүріп келе жатқанын және оның әндері Қазақстанның музыкалық мұрасының ажырамас бөлігіне айналғанын тағы бір мәрте көрсетті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді