Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда «Халық қатысатын бюджет» жобаларының жүзеге асырылуына бақылау күшейтіледі

Алматыда «Халық қатысатын бюджет» жобаларының жүзеге асырылуына бақылау күшейтіледі
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен «Халық қатысатын бюджет» жобасының іске асырылу барысына арналған кеңес өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиында тұрғындардың дауыс беруі арқылы қолдау тапқан бастамалардың орындалу барысы қаралды. Биыл жоба аясында 219 бастама жүзеге асырылып жатыр. Оның 29-ы аяқталған, 188 жоба іске асырылу кезеңінде, ал екі жоба бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде.

«Халық қатысатын бюджет» аясында қаланың әр ауданында қоғамдық кеңістіктер, скверлер, саябақтар, жүргіншілер аймақтары, аула аумақтары мен жағалаулар көркейтіліп жатыр. Барлық нысандағы құрылыс-монтаж жұмыстарын биылғы тамыз айының соңына дейін аяқтау көзделген.

Дархан Сатыбалды аудан әкімдеріне әрбір нысанды ерекше бақылауға алып, орындалып жатқан жұмыстардың жоғары сапасын қамтамасыз етуді және белгіленген мерзімнің сақталуын тапсырды.

Қала әкімі «Халық қатысатын бюджет» тұрғындармен тиімді өзара байланыс орнатудың маңызды тетіктерінің бірі екенін атап өтті. Бұл жоба алматылықтарға қалалық ортаны дамытуға тікелей атсалысып, көріктендірудің басым бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.

Кеңес қорытындысы бойынша аудан әкімдіктеріне барлық жобаны уақытылы аяқтау, жұмыстардың сапасына бақылауды күшейту және бастамалардың іске асырылу барысы туралы тұрғындарды budget.open-almaty.kz порталы арқылы тұрақты түрде хабардар етіп отыру тапсырылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді