Алматыда Сәбит Мұқанов атындағы сквер абаттандырылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алмалы ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында жұмыстар аяқталды. Төле би және Мұқанов көшелерінің қиылысындағы скверде жаңа балалар алаңы, орындықтар, қоқыс жәшіктері орнатылып, жарықтандыру жүйесі жаңартылды. Сондай-ақ, көгалдарды автоматты суару жүйесі тартылып, жаяу жүргіншілер аймағы жаңартылды.Скверге соңғы рет жөндеу жұмыстары 2016 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүргізілген болатын.Жаңартылған скверде «Сәбит Мұқанов - сөз және қалам шебері» атты кітап көрмесі өтіп, жазушылар мен мәдениеттанушылар сөз сөйледі. Іс-шараға «Зейін» шығармашылық мектебінің және «Шыңға өрле, биікке самға» әлеуметтік клубының оқушылары қатысып, ақынның Алматы туралы өлеңдерін оқыды.2024 жылы Алмалы ауданында 12 қоғамдық кеңістік жаңартылады, ал «ХҚБ» бағдарламасы аясында жалпы 2 млрд теңгеге 52 жоба жүзеге асырылады. Олардың қатарында жаяу жүргіншілер аймақтары, скверлер және жасыл аймақтар бар.14-08-2024, 11:51
Алматыда Сәбит Мұқанов атындағы сквер абаттандырылды
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз