Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматының Бостандық ауданында 68 аула мен 67 үйдің қасбеті жаңарады

Алматының Бостандық ауданында 68 аула мен 67 үйдің қасбеті жаңарады
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматының Бостандық ауданында қалалық ортаны кешенді көріктендіру жұмысы 2026 жылы да жалғасады. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында аудан әкімі Азамат Қалдыбеков журналистерге осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жалпы сомасы 2 млрд теңгелік 14 жоба іске аспақ. Оның ішінде қоғамдық кеңістікті жөндеу, жүргіншілер аймағын жаңарту мен суару жүйесін жаңғырту да бар.

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы тұрғындарға қалалық ортаны дамытуға тікелей қатысуға мүмкіндік береді. Барлық жобада қала тұрғындарының сұранысы ескерілген», - дейді Азамат Қалдыбеков.

Сонымен қатар ауданда аула аумақтарын ауқымды жаңарту жұмысы қоса жүргізіледі. 52 аулада күрделі жөндеу жүргізілсе, тағы 16 аулада ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарланған. Көріктендіру аясында 15 мың шаршы метр аулаішілік жол жөнделіп, балалар мен спорт алаңындағы 8 мың шаршы метр жабын жаңартылады, сондай-ақ 500 орындық пен қоқыс жәшігі орнатылады.

Бұған қоса, ауданда 67 көппәтерлі тұрғын үйдің қасбетін бірыңғай сәулеттік стильге келтіре отырып жаңарту жоспарланып отыр. Кейіннен олардың бір бөлігіне сәулеттік жарықтандыру жүйесі орнатылады. Жалпы алғанда, 26 нысанға сәулеттік жарықтандыру орнату көзделген.

«Біз аулалардан бастап ғимараттардың сыртқы келбетіне дейін жайлы қалалық ортаны қалыптастыруды кешенді түрде қолға алдық», - дейді әкім.

Барлық жобаны жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады