Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Медеу ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында тағы бір аула жаңартылды

Медеу ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында тағы бір аула жаңартылды
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматының Медеу ауданында Қалдаяқов көшесі, 93/95 мекенжайындағы аулада абаттандыру жұмысы аяқталды. Енді бұл тұрғындарға серуендеп, ойнап және отбасымен демалуға қолайлы заманауи аумақ. Биыл бұл бағдарлама аясында Медеу ауданында барлығы 46 аула жаңартылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұмыс «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында жүзеге асты. Бұл бастама қала тұрғындарына аудандарындағы абаттандырудың басым бағыттарын өздері айқындауға мүмкіндік береді.

Жаңарған аулада автоматты суару жүйесі орнатылып, берік резеңке жабын мен жаңа көгал төселді, тас төсеуіштер ауыстырылды. Ескі нысандардың орнына балаларға арналған кешен, әткеншек, воркаут және көше тренажерлары сынды заманауи ойын және спорт алаңдары салынды. Футбол алаңының қоршауы жаңартылып, жарық шамдары мен тіректер орнатылды, ағаштың бұтақтары санитарлық мақсатта кесілді. Сонымен қатар демалуға арналған күрке мен әткеншектер де жөнделіп, жаңарды.

Тұрғындардың айтуынша, аула аудан тұрғындарының сүйікті орнына айналған.

«Біздің аула танымастай өзгерді. Барлығы заманауи әрі әдемі. Балалар таңнан кешке дейін алаңда ойнайды, ересектер демалуға арналған күрке маңында жиналады, кешке жарық әрі жайлы серуендеуге болады», – дейді қала тұрғыны Анджела Чекмарева.

Медеу ауданының әкімдігі аулаларды көріктендіру жұмыстары жалғасатынын айтады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті