Алматыда тұрғындардың 6 мыңнан астам өтінімі қаралды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сарапшылар «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша өтінімдерді қарады. Алматыда «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша тұрғындардан 6 118 өтінім келіп түсті. Депутаттар, қоғам қайраткерлері және көріктендіру мамандарынан құралған аудан әкімдіктері жанындағы сараптамалық кеңесте барлық ұсыныс сарапталды. Әр өтінімге мына мәртебенің бірі беріледі:• Дауыс беруге жіберілді
• Қайта қарауға жіберілді
• ҚабылданбадыҚайта қарауға жіберілген жобалардың авторы 10-14 қазан аралығында түзетіп, толықтыра алады.
Дауыс беруге жіберілген жобалар budget.open-almaty.kz порталында жарияланады. Сайт арқылы дауыс беруге болады, бұл үдерістің ашықтығын қамтамасыз етеді. «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы тұрғындарға саябақтарды, аулаларды және қоғамдық орындарды көріктендіруге қатысты идеясын ұсынып, қалалық инфрақұрылымның дамуына тікелей ықпал етуге мүмкіндік береді. Кеңесті аудандық әкімдіктерден және 224 39 29 (ішкі 203) телефоны арқылы алуға болады.