Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

BaiQymyz-2026: Астанада өтетін фестивальде 56 тонна қымыз ұсынылады

BaiQymyz-2026: Астанада өтетін фестивальде 56 тонна қымыз ұсынылады
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астанадағы «Қазанат» ипподромында 11-12 шілде күндері ұлттық мәдениет пен қазақтың дәстүрлі тағамдарын насихаттауға арналған BaiQymyz-2026 гастрономиялық фестивалі өтеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Екі күнге жоспарланған ауқымды іс-шарада келушілер ұлттық тағамдардан дәм татып, қазақтың салт-дәстүрімен, қолөнерімен және өнерімен жақынырақ таныса алады. Фестивальдің басты ерекшелігі – қонақтарға 56 тонна қымыз ұсынылады.

Бағдарлама аясында суретшілер мен қолөнершілердің көрмелері ұйымдастырылып, ұлттық ат спорты ойындары көрсетіледі. Сондай-ақ балалар мен ересектерге арналған түрлі танымдық және ойын-сауық шаралары өткізіледі.

Фестивальдің әр күні еліміздің танымал өнер жұлдыздарының қатысуымен өтетін гала-концертпен қорытындыланады. BaiQymyz-2026 – еліміздегі оқиғалық туризмнің маңызды жобаларының бірі.

Іс-шара ұлттық мәдени мұраны сақтауға және кеңінен насихаттауға, гастрономиялық туризмді дамытуға, сондай-ақ Астана мен жалпы Қазақстанның туристік тартымдылығын арттыратын жаңа туристік оқиғаларды қалыптастыруға бағытталған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді