Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада 11-12 шілде күндері BaiQymyz-2026 ауқымды қымыз фестивалі өтеді

Астанада 11-12 шілде күндері BaiQymyz-2026 ауқымды қымыз фестивалі өтеді
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астанада 11-12 шілде күндері сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін ұлттық дәстүрлерге, мәдениетке және қазақтың ұлттық тағамдарына арналған халықаралық BaiQymyz-2026 гастрономиялық фестивалі өтеді. Екі күн бойы гастрономияны, ұлттық спорт түрлерін, халық ойындарын, концерттерді, көрмелерді және отбасылық демалысқа арналған түрлі ойын-сауық бағдарламаларын қамтитын мазмұнды іс-шаралар өтеді, деп хабарлайды  kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Фестивальдің басты оқиғасы – қымыз байқауы. Онда үздік өндірушілер өз өнімдерін ұсынып, келушілер ұлттық сусынды дайындау дәстүрімен танысып, қымыздан дәм тата алады. Сондай-ақ қонақтарға ұлттық тағамдарды әзірлеу бойынша аспаздық шоулар мен шеберлік сабақтары, сондай-ақ «Үздік қазы» байқауы ұсынылады.

Ұлттық спортты ұнататындар көкпар, бәйге, аударыспақ, дәстүрлі садақ ату жарыстарын, сондай-ақ «Қой көтеру», «Жілік сындыру», ат үстіндегі квиддич және басқа да ұлттық ойындарды тамашалай алады. Фестивальдің басты сахнасында екі күн бойы танымал қазақстандық өнерпаздар мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетеді.
Ұйымдастырушылар келушілерге фестиваль өтетін орынға қоғамдық көлікпен келуді кеңес етеді. Осыған байланысты 7-13 шілде аралығында №18, №37 және №303 автобус бағыттарының қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді. Бұл кезеңде автобустар фестиваль өтетін «Қазанат» ипподромына дейін қатынайтын болады.Фестивальге билеттерді Ticketon платформасы арқылы сатып алуға болады. Келушілерге бір күнге немесе екі күнге бірден билет алу мүмкіндігі қарастырылған. Зейнеткерлер мен 16 жасқа дейінгі балалар үшін кіру тегін.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді