Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«BaiQymyz-2026» фестивалінде 60-тан астам қымыз өндіруші өз өнімін ұсынады

«BaiQymyz-2026» фестивалінде 60-тан астам қымыз өндіруші өз өнімін ұсынады
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астанадағы «Қазанат» ипподромында 11-12 шілде күндері ұлттық дәстүрлерді, мәдениетті және қазақтың ұлттық тағамдарын насихаттайтын BaiQymyz-2026 халықаралық гастрономиялық фестивалі өтеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Фестивальге Қазақстанның әр өңірінен 60-тан астам қымыз өндіруші, сондай-ақ Қырғыз Республикасы мен Ресей Федерациясының (Якутия) өкілдері қатысады. Келушілер ұлттық сусынның сан түрінен дәм татып, оны әзірлеу барысымен таныса алады. Фестивальдің басты оқиғасы – халықаралық қымыз байқауы. Онда үздік өндірушілер ең үздік атану үшін бақ сынайды. Сондай-ақ қонақтарға арнап аспаздық шоулар, ұлттық тағамдарды әзірлеу бойынша шеберлік сабақтары, «Үздік қазы» байқауы, көкпар, бәйге, аударыспақ, қыз қуу, дәстүрлі садақ атудан жарыстар, сондай-ақ «Қой көтеру», «Жілік сындыру», ат үстіндегі квиддич және басқа да ұлттық ойындар әзірленді.

Екі күн бойы бас сахнада танымал өнерпаздар мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетеді. Фестивальге қатысу үшін билет алу қажет. Келушілерге бір күнге немесе фестивальдің екі күніне бірден жарамды билеттер ұсынылады. Зейнеткерлер мен 16 жасқа дейінгі балалар іс-шараға тегін қатыса алады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді