Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада қазақтың асыл сусыны қымызға арналған гастрофестиваль өтеді

Астанада қазақтың асыл сусыны қымызға арналған гастрофестиваль өтеді
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанада «Қазанат» ипподромында алғаш рет қазақтың асыл сусыны қымызға арналып, «BaiQymyz – бапталған қымыз ұлттық тағамдар гастрофестивалі» атты ірі көлемдегі мәдени-аграрлық іс-шара өтеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Аталған фестиваль халқымыздың дәстүрлі тағам мәдениетін, оның ішінде қымыз өндіру дәстүрін жаңғырту мен халықаралық деңгейге ілгерілетуге бағытталған.
Шараға 50-60 мың адам келеді деп жоспарланып отыр. Әр өңірден 50-ге жуық қымыз өндіруші қатысады. Фестиваль Октоберфест сияқты халықаралық үлгідегі мәдени-аграрлық брендке айналуы көзделіп отыр. Қонақтар екі күн бойы қымыздың түр-түрінен дәм татып, жылқы тұқымдары таныстырылатын көрмені тамашалап, этно-мәдени бағдарламаларға қатыса алады.

Фестивальдің ерекше жүлдесі – «Ең үздік қымыз» атағы үшін жарыс болмақ. Байқау жеңімпаздары қомақты қаржыға ие болады, жүлде қоры – 45 миллион теңге (I орын – 20 млн тг, II орын – 15 млн тг, III орын – 10 млн тг).

Байқаудың мақсаты – еліміздегі ең сапалы әрі шипалы қымызды анықтау. Негізгі мақсат – қымызды денсаулық пен қонақжайлықтың символы ретінде таныту, сонымен қатар агротуризм мен жылқы шаруашылығын дамытуға серпін беру.
Жылқы көрмесінде қазақтың байырғы тұқымдары – Жабы, Көшім, Қостанай, Мұғалжар, Адай және спорттық бағыттағы аттар көпшілік назарына ұсынылады. Қолөнер шеберлері ер-тоқым, қамшы, ат әбзелдері сияқты тарихи бұйымдарын көрсетіп, келушілер оларды сатып ала алады. Көрменің басты ерекшелігі – бірегей бұйымдар мен жылқыларға арналған аукцион.

Фестиваль аясында ұйымдастырылатын ғылыми конференцияда қымыздың емдік қасиеттері, жылқы шаруашылығы мен дәстүрлі мал шаруашылығының даму болашағы талқыланады. Германия, Ресей, Қырғызстан елдерінен келген ғалымдар, дәрігерлер, ветеринарлар мен кәсіпкерлер өз баяндамаларын ұсынады.

Қатысушылар арасында Германиялық жылқы шаруашылығы маманы Ханс Цольман, медицина ғылымдарының докторы Бақытжан Бимбетов, этнограф Айгерім Мұсағажинова және басқа да сарапшылар бар.

Шеберлік сабақтар барысында қатысушыларға қымыз дайындау, сақтау, ашыту, сондай-ақ оны капсула түрінде өндірудің заманауи әдістері таныстырылады. Сонымен қатар, тері илеу, ат әбзелдері мен тұрмыстық бұйымдарды жасау бойынша да қолөнер шеберлері өз білгенін үйретеді.

Сондай-ақ, бағдарлама шеңберінде аударыспақ, асау үйрету, құмай тазы сайысы, шалма салу сынды ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өткізіледі. Мешкейлер сайысы мен жілік сындыру секілді ерекше шаралар фестиваль көрігін қыздырмақ.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті