Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

BaiQymyz гастрофестивалі: ең үздік қымыз атағын Абай облысының қымыз өндірушілері жеңіп алды

BaiQymyz гастрофестивалі: ең үздік қымыз атағын Абай облысының қымыз өндірушілері жеңіп алды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанада ел тарихындағы алғашқы әрі ауқымды «BaiQymyz – бапталған қымыз» гастрофестивалі жоғары деңгейде өтті. Қазақтың ұлттық сусыны – қымызға арналған бұл мәдени шара екі күн бойы 70 мыңнан астам қонақты қабылдап, қазақи рухтағы дәм мен дәстүрдің мерекесіне айналды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Фестивальдің ең маңызды сәттерінің бірі – еліміздің түкпір-түкпірінен келген қымыз өндірушілер арасында өткен «Ең үздік қымыз» байқауы болды. Жеңімпаздар фестиваль қонақтарының дауыс беруі арқылы анықталып, қомақты қаржылай сыйақымен марапатталды.«Ең үздік қымыз» байқауының жеңімпаздары: • І орын – Абай облысы, Саржал ауылы, «Жаныс» шаруа қожалығы – 20 млн теңге; • ІІ орын – Қарағанды облысы, Қарқаралы қымызы, «Қарынши» шаруа қожалығы – 15 млн теңге; • ІІІ орын – Ақмола облысы, Қымызнай қымызы, «Қабдулин» шаруа қожалығы – 10 млн теңге. Zhanykulov Foundation қоры тағайындаған арнайы номинациялар бойынша да үздіктер марапатталды: • «Алтын күбі» номинациясы – Қарағанды облысы, «Батыр рух» – 1 млн теңге; • «Алтын қор» номинациясы – Ұлытау облысы, Жаңарқа, «Nomad milk» – 1 млн теңге; • «Күміс торсық» номинациясы – Абай облысы, Қарауыл ауылы, «Әділ қымыз» – 500 000 теңге; • «Текті сусын – Күміс шара» номинациясы – Ақмола облысы – 500 000 теңге. Фестиваль аясында өткен маңызды шаралардың бірі – «Ер Қанаты» атты тұңғыш жылқы көрмесі болды. Бұл көрмені 3 000-нан астам адам тамашалады. Келушілер назарын элиталы тұқымдар – гонновер, таза қанды ағылшын, орыс желісті, ахалтеке жылқылары мен қазақы тұқымдар: жабы, мұғалжар, қостанай, бесқарағай және «Ұлы Дала Жорығы» бәйгесінің чемпиондары ерекше аудартты.Көрме жеңімпаздары: • «Қазақтың ең сұлу жылқысы» номинациясы – мұғалжар тұқымы; • «Қазақтың ең жүйрік жылқысы» номинациясы – қостанай тұқымы.Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөздерінде ұлттық жылқы шаруашылығын қолдаудың маңыздылығын бірнеше рет атап өткен болатын. «Ер Қанаты» жобасының авторы және ұйымдастырушысы Әділ Орынбасарұлы бұл бастама жастарды ұлттық дәстүрлерге баулып, қазақтың ат мәдениетін сақтау жолындағы маңызды қадам екенін айтты.

«Ер Қанаты – бұл жай көрме емес, бұл – қазақтың ат мәдениетін сақтап қалу жолындағы қозғалыс», – деді Әділ Орынбасарұлы. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Ер Қанаты» жыл сайынғы дәстүрлі шараға айналады, ал келесі көрме Қазақстан Республикасының күніне орайластырылып өткізілмек. BaiQymyz гастрофестивалі 19-20 шілде күндері «Қазанат» ипподромында өтті. Аталған жоба елордалықтар мен қала қонақтары тарапынан үлкен қолдауға ие болды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті