Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда Медеу мен Шымбұлақ арасындағы инженерлік инфрақұрылым жаңартылып жатыр

Алматыда Медеу мен Шымбұлақ арасындағы инженерлік инфрақұрылым жаңартылып жатыр
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматыда Медеуден Шымбұлақ тау шаңғысы курортына дейінгі аралықта инженерлік инфрақұрылым құрылысы жалғасып жатыр. Жобаны Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының тапсырысы бойынша мердігер ұйым жүзеге асыруда. Оның мақсаты – коммуналдық жүйелердің сенімділігін арттыру және туристік инфрақұрылымды дамыту.

Жоба аясында ұзындығы 5,7 шақырым болатын орта қысымды газ құбыры мен 2,7 шақырым кәріз желісін салу көзделген. Бұл жоба аталған бағыт бойында орналасқан нысандарды, соның ішінде Шымбұлақ тау шаңғысы курортының аумағын инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта мердігер ұйым құрылыс-монтаж жұмыстарына кірісті. Газ құбырының алғашқы учаскелерін орнату, кәріз желілерін тарту және темірбетон құдықтарын орнату жұмыстары жүргізілуде. Инженерлік желілердің құрылысын 2026 жылы қараша айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Барлық жұмыс жобалық құжаттамаға, құрылыс нормаларына және экологиялық талаптарға сәйкес жүргізілуде. Әсіресе, табиғи ландшафты сақтауға және қоршаған ортаға келетін әсерді барынша азайтуға ерекше көңіл бөлінген.

Құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілетін кезеңде жолдың кей бөлігінде қозғалысқа уақытша шектеу енгізіліп, арнайы техникалар жұмыс істеуі мүмкін. Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарынан сапарларын жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескерулерін сұрайды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті