Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматының Алмалы ауданында инженерлік желілерді жаңғырту басталады

Алматының Алмалы ауданында инженерлік желілерді жаңғырту басталады
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алмалы ауданындағы инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту жоспары туралы аудан әкімі Арман Шәмшин Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, ауданда ауланы көріктендірумен қатар, тозығы жеткен инженерлік желілерді кезең-кезеңімен жаңарту бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде. Бұл көзге бірден байқала бермейтін, алайда тұрғындардың тұрмыс сапасына тікелей әсер ететін маңызды инфрақұрылым.

Бүгінде аудан бойынша инженерлік желілердің тозу деңгейі жоғары: жылу желілері – 62,1%, сумен жабдықтау – 72,5%, су бұру – 79,2%, электрмен жабдықтау – 81%. Ең төмен көрсеткіш газ желілерінде тіркелген – 10,7%.

2026 жылға барлық бағыт бойынша кешенді жұмыстар жоспарланған. Атап айтқанда, «Алматы жылу желілері» ЖШС 19 нысанда 8,8 шақырым жылу желілерін қайта жаңғыртады. Сумен жабдықтау және су бұру саласында «Алматы Су» МКК бес учаскеде жалпы ұзындығы 2,4 шақырым желіні жаңартады, оның ішінде 1,4 шақырымы – су құбыры, 1 шақырымы – кәріз желілері.

Электрмен жабдықтау бағытында да ауқымды жұмыстар көзделген: «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ 22 учаскеде 93,3 шақырым электр желілерін қайта жаңғыртады. Сонымен қатар газ инфрақұрылымы да жаңартылады — «QazaqGaz Аймақ» АҚ тоғыз нысанда 17,1 шақырым газ желілерін жаңартады.

Арман Шәмшиннің айтуынша, бұл жобаларды жүзеге асыру инженерлік желілердің тозу деңгейін айтарлықтай төмендетіп, аудан инфрақұрылымының сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді