Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда инженерлік инфрақұрылым кешенді түрде жаңартылуда

Алматыда инженерлік инфрақұрылым кешенді түрде жаңартылуда
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда инженерлік инфрақұрылымды – су құбыры мен кәріз жүйесін, жылу және электрмен жабдықтауды, газ желілерін әрі көше жарықтандыруды жаңарту бойынша кешенді бағдарлама жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, бүгінде «Ақсай», «Ерменсай» суқабылдау нысандары салынып, «Барлық» жобаланып жатыр. Бұл 245 мыңнан астам тұрғынды ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ұзындығы 34,9 шақырым болатын Батыс коллекторының құрылысы аяқталуға жақын. Соның нәтижесінде Алатау және Наурызбай аудандарының 150 мың тұрғыны орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылады.

Жаңғырту жұмыстары жылу желілерін де қамтиды: биыл 37 шақырым құбыр жаңартылып, 17 коммуналдық қазандықта реконструкция жүргізілуде. Электр және газ желілері де жаңартылып жатыр, жекеменшік желілер коммуналдық кәсіпорындардың балансына өткізіліп жатыр. Әсіресе, көшенің жарықтандыруға ерекше назар аударылған: 20 мыңнан астам жаңа шам орнатылып, қала көшелерінің барлығы жарықпен қамтылады. Бұл көрсеткіш қаланың жарықтандыру деңгейін екі есеге арттырмақ.

«Жұмыс кезең-кезеңімен және тұрақты бақылаумен жүргізілуде. Мақсатымыз – коммуналдық қызметтерді тұрақты, қолжетімді әрі заманауи ету», – деді Алмасхан Сматлаев.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады