Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Дархан Сатыбалды Түрксіб ауданындағы жол жөндеу және абаттандыру жұмыстарын тексерді

Дархан Сатыбалды Түрксіб ауданындағы жол жөндеу және абаттандыру жұмыстарын тексерді
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Түрксіб ауданына жұмыс сапарымен барып, Сейфуллин даңғылынан Шолохов көшесіне дейінгі ұзындығы 3,3 км болатын Ақан Сері көшесіндегі орташа жөндеу жұмыстарының барысын тексерді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған аумақта жол жабыны жаңартылып, заманауи «қалқымалы» кәріз қақпақтары орнатылып, техникалық тротуарлар салынып жатыр. Сонымен қатар, жүргіншілерге қолайлы инфрақұрылым мен қоғамдық көлік аялдамаларын көркейтуге ерекше мән беріліп отыр. Жоспар бойынша жұмыс осы айдың соңына дейін аяқталмақ.

Жалпы, биыл қала бойынша ұзындығы 270 км болатын 360 көше, оның ішінде 19 магистральдық жол орташа жөндеуден өтеді.
Сондай-ақ, шаһар басшысы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жаңартылған Сәкен Сейфуллин атындағы саябақты көркейту жұмыстарымен танысты. Мұнда жүргіншілер аймақтары жаңартылып, спорт және балалар ойын алаңдары қайта жабдықталған, гүлзарлар отырғызылған. Жұмыс сапары барысында тұрғындар ауланың жай-күйі, инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту мен қоғамдық көлік қызметінің сапасын арттыру жайын көтерді. Барлық ұсыныс-пікір жан-жақты қарастыру және тиісті шешім қабылдау үшін жауапты мекемелерге жолданды.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді