Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Түрксіб ауданының маңызды нысандарын аралап көрді

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Түрксіб ауданының маңызды нысандарын аралап көрді
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Түрксіб ауданының маңызды нысандарын аралап көрді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ауданда Телекоммуникация және машина жасау колледжінің жаңа ғимараты салынып жатыр. Нысанның сыйымдылығы – 1050 студент. Қала басшысы мұндағы абаттандыру қарқынын жеделдетуді және түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.«Алматы-1» вокзалының жанындағы сквер және  оған іргелес орналасқан Сейфуллин даңғылы мен Кунгуский көшелері жаңартылып жатыр. Құрылыс тамыз айында аяқталады деп күтіледі.Осипенко көшесіндегі  дене шынықтыру - сауықтыру кешені жобаланып жатыр. Жердің бір бөлігі жекеден сатып алынған. № 6 Оқушылар үйінде күрделі жөндеу жүреді және сейсмикалық қауіпсіздік күшейтілетін болады. 1958 жылғы бұл ғимарат бүгінде қаладағы сәулет ескерткіші саналады. Мегаполис басшысы бұл бағыттағы жұмыстарды бақылауда ұстауды тапсырды.Майборода көшесінде ұзындығы 1,1 шақырым болатын  жаяу жүргіншілер жолы салынып жатыр. Ол Сейфуллин даңғылынан Байкалская көшесіне дейін жалғасады. Жоба тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасалған.Баум тоғайы мен Үлкен Алматы каналы қала әкімінің тапсырмасы бойынша абаттандырылады. Күрделі жөндеуден соң каналға су қайта толмақ, - делінген хабарламада.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады