Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы әкімі Түрксіб ауданын жұмыс сапарымен аралады

Алматы әкімі Түрксіб ауданын жұмыс сапарымен аралады
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Түрксіб ауданын жұмыс сапарымен аралап, қалалық ортаны жақсартуға және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған негізгі аумақтарды көріктендіру жоспарлары және жобаларымен танысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұмыс сапары аясында қала әкіміне «Қасбеттен қасбетке дейін» қағидаты бойынша Шолохов көшесін Сүйінбай дайңғылынан Ержанов көшесіне дейінгі аралықта орташа жөндеу жоспары таныстырылды. Бұл аумақта ауданның ең жүктемесі жоғары көшелерінің бірін кешенді көріктендіру көзделген. Жоба аясында жол және жүргінші инфрақұрылымын жаңарту, сыртқы жарықтандыруды жаңғырту, сәулеттік нысандар орнату, жасыл аймақты дамыту және көше жиһаздарын орналастыру жоспарланып отыр. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2026 жылға белгіленген.

Сондай-ақ Майборода көшесінде Сейфуллин даңғылынан Байкальская көшесіне дейін жүргіншілер аймағын құру мәселесіне ерекше назар аударылды. Жоба тротуарларды көріктендіруді, шағын сәулет нысандарын орнатуды, көгалдандыру жұмыстарын жүргізуді және серуендеуге қолайлы қоғамдық кеңістік қалыптастыруды қамтиды. Жобаны іске асыру кезең-кезеңімен жоспарланып отыр.

Дархан Сатыбалды тұрғындардың жайлылығына бағытталған заманауи, қауіпсіз әрі көріктендірілген қалалық ортаны қалыптастырудың маңызын атап өтті. Аталған жобаларды іске асыру көлік байланысын жақсартуға, ауданның туристік тартымдылығын арттыруға, сондай-ақ кәсіпкерлікті дамыту үшін қосымша мүмкіндіктер жасауға ықпал етеді.

Түрксіб ауданында жүргізіліп жатқан жұмыстар қала инфрақұрылымын жаңғырту және қалалық ортаның сапасын арттыруға бағытталған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті