Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Дархан Сатыбалды мердігерлерге өзендер мен каналдарды абаттандыру жұмыстарында кешіктіруге жол берілмейтінін ескертті

Дархан Сатыбалды мердігерлерге өзендер мен каналдарды абаттандыру жұмыстарында кешіктіруге жол берілмейтінін ескертті
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі өзен арналарының нығайтылу жобаларын іске асыру кезінде мерзім мен сапаның сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дархан Сатыбалды Алматының үш ауданындағы өзен арналарының жаңғырту жұмыстарын тексерді.

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бостандық, Наурызбай және Әуезов аудандарында жүргізіліп жатқан өзен арналары мен каналдарды қайта жаңғырту және жағалауды бекіту жобаларымен танысты. Жұмыс барысы, аяқталу мерзімдері, техникалық сипаттамалар және кестенің орындалуы мәселелері қаралды.

Әкімнің жұмыс сапарының алғашқы нысаны Тұңғыш Президент саябағынан Қарғалы өзеніне дейін созылып жатқан М-1 каналы болды. Мұнда ұзындығы 3,8 км болатын аумақта жұмыс жүріп жатыр. Жобаға сәйкес, еңістері бетон және габиондармен нығайтылады, өткелдер салынып, қолданыстағы гидротехникалық құрылыстар ауыстырылады, сонымен қатар аумақ абаттандырылып, шағын сәулет пішіндер, балалар және спорт алаңдары орнатылып, жарық тартылды.

Наурызбай ауданында әкім Сапожников өзенінің арнасын бекіту жұмыстарының барысымен танысты. Жоба ұзындығы 1,8 км болатын Жандосов көшесінен Ақсай өзеніне дейінгі учаскені қамтиды. Жұмыстарға инженерлік зерттеулер, су қорғау жолағын абаттандыру, көгалдандыру, жарықтандыру, пирстер мен спорт алаңдарын орнату кіреді.

Келесі нысан Әуезов ауданында Қарғалы өзенінің арнасын Жандосов көшесінен Рысқұлов даңғылына дейінгі бөлігінде реконструкциялау болды. Жұмыс ұзындығы 6,7 км. Жоба жағалауды бекіту, бұзылған учаскелерді қалпына келтіру, жаяу жүргіншілер көпірлерін салу, абаттандыру және су өткізу қабілетін қамтамасыз етуді көздейді.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Дархан Сатыбалды аудан әкімдіктеріне және салалық басқармаларға жобаларды жүзеге асыру мерзімі мен сапасын қатаң бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті