Алматы әкімі Орталық саябақты жаңғыртуды жалғастыруды тапсырды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жұмыс сапары барысында Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Орталық саябаққа барып, жаңарту жұмыстарының нәтижесін көріп қайтты.Соңғы жылдары мұнда жасалған игі іс аз емес. Жаңа фуд-корт бой көтеріп, спорт және балалар алаңдары, скейт-парк салынды.Сондай-ақ, субұрқақтар мен жарықтандыру жүйесі жаңартылып, жаяу жүргіншілер жолдарының 70 пайыздан астамы ретке келтірілді. 10 мыңнан астам ағаш пен бұта отырғызылды. Дегенмен саябақтың кей жері біршама ескірген, жөндеуді қажет етеді.Сондықтан әкім оны жаңғыртуды жалғастыруды тапсырды. Мақсат -тұрғындардың сүйікті демалыс орнын бұрынғыдан да жайлы ету.Бүгін, 09:15
Алматы әкімі Орталық саябақты жаңғыртуды жалғастыруды тапсырды

Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз