Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда бір күнде жарты айда жауатын жауын-шашын түсті

Алматыда бір күнде жарты айда жауатын жауын-шашын түсті
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыда жауын-шашынның рекордтық мөлшері тіркелді. 10 мамыр күні сағат 11:00-ден 11 мамыр күні сағат 20:00-ге дейін қала аумағына 50,4 мм жауын-шашын түскен. Бұл мамыр айына белгіленген айлық норманың (99 мм) 51 пайызына тең, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осыған байланысты коммуналдық қызмет су басудың алдын алу және оларды жедел жою мақсатында күшейтілген режимде жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл жөнінде Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және тұрғын үй инспекциясы басқармасының өкілдері хабарлады.Сонымен қатар, Алматы қаласының Құтқару қызметі де кезекшілікке кіріскен. Олардың қарамағында ассенизаторлық көлік пен 15 мотопомпа бар. Ал Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан 53 арнайы техника мен 240 қызметкер тартылған.

Жалпы алғанда, қала инфрақұрылымының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге бір тәулік ішінде 3 080 жол саласы жұмысшысы мен 1 225 арнайы техника қатыстырылған. Жедел әрекет ету үшін 2 300 құм толтырылған қап дайындалды.Синоптиктердің болжауынша, 12 мамыр күні Алматыда кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Ал 13 мамырдан бастап жауын-шашын тоқтап, күн ала бұлтты болмақ.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді