Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда жауын-шашын кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында коммуналдық қызметтердің жұмысы күшейтілді

Алматыда жауын-шашын кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында коммуналдық қызметтердің жұмысы күшейтілді
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алдағы күндері болжанған жауын-шашын мен көктайғаққа байланысты Алматы қаласының коммуналдық қызметтері күшейтілген режиміне ауыстырылды. Қалалық инфрақұрылымның қауіпсіз әрі үздіксіз қызметін қамтамасыз ету үшін арнайы мекемелер тәулік бойы кезекшілікке қойылды. Бұл туралы Алматы қалалық коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазгидромет» РМК дерегінше, 4 қараша күні сағат 3:00-тен 20:00-ге дейін жалпы 5-6 мм көлемінде жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде және күндіз +5…+7 °С, дейін төмендейді. 5 қарашада – ауыспалы бұлтты, кей жерлерде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын (қалыңдығы 10 мм-ге дейін), көктайғақ болады. Ауа температурасы түнде -3…-5 °С, күндіз +1…+3 °С шамасында.

«Алматы Тазалық» кәсіпорындарының базаларында жүргізушілер, механизаторлар мен жұмысшылар тәулік бойы кезекшілік атқарады. Қар түспей тұрып, магистральдық көшелерге алдын ала сұйық реагенттер себіледі. Қазіргі таңда қала аумағында 204 құм шашқыш техника дайын тұр.

Жалпы, тәулік бойғы жұмысқа 580 арнайы техника мен 2500-ден астам жұмысшы жұмылдырылған. Аула ішіндегі аумақтарды тазалауға 307 техника және 1500 жұмысшы, ал саябақтар мен скверлерді күтіп ұстауға 550 техника мен 1900 қызметкер қатысады. Қаланың көше-жол желісін бақылау және көктайғақты дер кезінде жою үшін 75 патрульдік бригада кезекшілік етеді.

Сонымен қатар, Алматы қаласының Құтқару қызметі де күшейтілген режимде жұмыс істеп тұр. Қызмет құрамында 1 ассенизатор көлігі, 15 мотопомпа және 50 құтқарушы бар.

Аудан әкімдіктерінде коммуналдық жұмыстардың барысын бақылау және қызметтердің өзара іс-қимылын үйлестіру мақсатында тәулік бойғы кезекшілік ұйымдастырылған.

Қар тазалау кезеңінде жол бойына немесе жиегіне қойылған көліктерді уақытша көшіру үшін 63 эвакуатор мен манипулятор (Полиция департаментінен – 13, Құтқару қызметінен – 20, «Алматы паркингтен» – 30) жұмылдырылады.

Тұрғындарға арналған ескертпелер

Жол мен тротуарда көктайғақтың түзілуіне байланысты қала тұрғындарынан барынша сақтық шараларын сақтауды сұраймыз.

Көлік жүргізушілеріне қозғалыс жылдамдығын төмендетіп, қауіпсіз арақашықтықты сақтау, күрт бұрылыс пен тежеуден аулақ болу, тежеу жолының ұзаратынын ескеру, қысқы дөңгелектерді дер кезінде ауыстыру қажет.

Жүргізушілік тәжірибесі аз азаматтарға жеке көлікті уақытша пайдаланбауға және қоғамдық көлікке басымдық беруге кеңес береміз. Сонымен бірге көлікті қысқы дөңгелекке уақытылы ауыстырмаған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылатынын еске саламыз.

Жүргіншілерге тротуарлар мен жүргіншілер өткелдерінде абай болу, табаны таймайтын аяқ киім кию, еңіс, өр және баспалдақта сақтық таныту қажет. Қауіпсіздік сақтаңыз.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті