Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда жауын-шашынға байланысты коммуналдық қызметтердің дайындығы күшейтілді

Алматыда жауын-шашынға байланысты коммуналдық қызметтердің дайындығы күшейтілді
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыда жауын-шашын мен найзағайға байланысты коммуналдық қызмет жоғары дайындық режиміне көшірілді. Бұл жөнінде қалалық коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасының өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазгидромет» деректеріне сәйкес, 23 сәуір күні сағат 15:00-ден бастап жауын-шашын түседі, ал 17:00-ден кейін кей тұстарда нөсер жаңбыр жауып, желдің екпіні секундына 15-18 метрге дейін жетеді.

24 сәуірде де жаңбыр, кей жерде нөсер жауын жауып, найзағай ойнайды. Ал 25 сәуірде күн құбылмалы, өткінші жаңбыр жаууы мүмкін.

Су басу қаупінің алдын алу және оларды жедел жою мақсатында қалалық қызмет тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырды. Атап айтқанда:

- 104 бірлік арнайы техника;
- 74 мотопомпа;
- 12 ассенизаторлық көлік (оның бір бөлігі су басу қаупі бар аймақтарға орналастырылған);
- 425 жол қызметкерінен құралған 75 жедел бригада;
- 2300 дана құм толтырылған қап дайындалды.

Сонымен қатар Алматы қаласының Құтқару қызметі мен Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелері де күшейтілген кезекшілік атқаруда. Жалпы қала бойынша тәулігіне 2,7 мыңнан астам жол қызметкері мен 1,2 мыңнан астам техника жұмылдырылған.

Жұмыс тәулік бойы тоқтамайды. Барлық қызмет ауа райының өзгерістеріне жедел әрекет етуге және қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге толық дайын.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады