24-25 қарашаға қараған түні елордадан 26 мың текше метрге жуық қар шығарылды. Қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты, деп хабарлайды kazlenta.kz.
25 қарашада қар тазалауға 2000-ден астам арнайы техника мен 1900 жол жұмысшысы жұмылдырылды.
24-25 қарашаға қараған түні коммуналдық қызметтер 25,5 мың текше метрден астам қар шығарды. Камаздар қар полигондарына барлығы 14 мыңнан астам рейс жасады.
Айта кету керек, "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің ақпараты бойынша 24 қарашаның 25-ші күні мен түнінде 25 мм Жауын-шашын түскен. Елордада қараша айында жауын - шашын мөлшері 28 мм құрайды, яғни бір тәулік ішінде Нұр-Сұлтанда айлық жауын-шашын мөлшері түсті.
1 қарашадан 25 қарашаға қараған түні 45,1 мм Жауын-шашын түсті, бұл айлық нормадан 1,5 есе асады. Осы уақыт аралығында арнайы техникамен 150 мың текше метрден астам қар шығарылды.