Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда қар тазалау жұмыстары күшейтілген режимде жалғасуда

Алматыда қар тазалау жұмыстары күшейтілген режимде жалғасуда
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматының коммуналдық қызметі 17–19 желтоқсан аралығында жауған қардың салдарын жою жұмыстарын жалғастырып келеді. Осы уақыт ішінде қала аумағында қар қалыңдығы 16 сантиметрге дейін жеткен, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Қалалық коммуналдық инфрақұрылым басқармасы мен Тұрғын үй инспекциясының өкілдері мәлімдеді. Түнгі мезгілде тазалау жұмыстарына 694 жұмысшы жұмылдырылды. Олардың 529-ы «Алматы Тазалық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының қызметкерлері болса, 165-і мердігер ұйымдардан тартылған. Сонымен қатар 380 бірлік арнайы техника жұмыс істеді. Күндізгі уақытта қала көшелеріне 1 782 жол саласы жұмысшысы мен 548 арнайы техника шығарылды.

Жолдың жағдайын үздіксіз бақылау мақсатында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Коммуналдық қызмет пен мердігер ұйымдар көлік қозғалысы мен жүргіншілер қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін күшейтілген режимде еңбек етуге кіріскен.«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мәліметінше, 20 желтоқсанда Алматыда жауын-шашынсыз, кейде тұман түсіп, көшпелі бұлт шығады. Күндізгі ауа температурасы 0…+2°С шамасында болады. Алдағы күндері ауа райы бұзылып, қар жауып, ауа температурасы төмендейді деп болжанып отыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады